https://sputnik.kz/20260630/qazaqstanda-mausym-bastalgannan-beri-13-mynnan-astam-adamdy-kene-shaqqan-64565727.html
Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан
Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан
Sputnik Қазақстан
Биыл зертханалық жолмен аурудың 24 жағдайы расталған 30.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-30T17:34+0500
2026-06-30T17:34+0500
2026-06-30T17:41+0500
кене
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43707425_0:152:3097:1894_1920x0_80_0_0_7872d70ff7269747f1b5f6d57a8b6fbf.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, маусым басталғалы бері кене шаққаннан кейін медициналық көмекке 13 мыңнан астам адам жүгінген. Олардың 90 пайыздан астамы кене энцефалитіне қарсы шұғыл профилактикамен қамтылған. Кене энцефалиті табиғи-ошақтық инфекциялар қатарына жатады және негізінен аурудың табиғи ошақтары орналасқан аумақтарда тіркеледі. Қазақстанда мұндай аумақтарға Алматы қаласы және оның маңайы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары, Жетісу облысы, Абай облысының Көкпекті ауданы, Ақмола облысының Сандықтау ауданы және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы жатады.Елімізде жыл сайын кене энцефалитінің 24-тен 48-ге дейінгі жағдайы тіркеледі. Биыл зертханалық жолмен аурудың 24 жағдайы расталды, бұл көпжылдық маусымдық көрсеткіштерге сәйкес келеді, дейді мамандар.
https://sputnik.kz/20260529/kene-shaqqan-aqmola-oblysynda-zhasospirim-zhansaqtau-boliminde-zhatyr-63801256.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43707425_184:0:2913:2047_1920x0_80_0_0_fd530ae29bc4f0c0ca60dbc202d34ca7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кене
Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан
17:34 30.06.2026 (жаңартылды: 17:41 30.06.2026) Биыл зертханалық жолмен аурудың 24 жағдайы расталған
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанда маусым басталғаннан бері 13 мыңнан астам адамды кене шаққан, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, маусым басталғалы бері кене шаққаннан кейін медициналық көмекке 13 мыңнан астам адам жүгінген. Олардың 90 пайыздан астамы кене энцефалитіне қарсы шұғыл профилактикамен қамтылған.
"Жаз мезгілінде табиғи-ошақтық инфекциялардың таралу қаупі дәстүрлі түрде артады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде. Біз эпидемиологиялық мониторингті күшейттік, медициналық ұйымдарды иммуноглобулиннің қажетті қорымен қамтамасыз еттік, қауіп тобына жататын адамдарды вакцинациялауды және эндемиялық өңірлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз", – деді бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенова.
Кене энцефалиті табиғи-ошақтық инфекциялар қатарына жатады және негізінен аурудың табиғи ошақтары орналасқан аумақтарда тіркеледі. Қазақстанда мұндай аумақтарға Алматы қаласы және оның маңайы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары, Жетісу облысы, Абай облысының Көкпекті ауданы, Ақмола облысының Сандықтау ауданы және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы жатады.
Елімізде жыл сайын кене энцефалитінің 24-тен 48-ге дейінгі жағдайы тіркеледі. Биыл зертханалық жолмен аурудың 24 жағдайы расталды, бұл көпжылдық маусымдық көрсеткіштерге сәйкес келеді, дейді мамандар.