https://sputnik.kz/20260630/qazaqstan-men-gruziya-arasyndagy-yntymaqtastyqty-terendetu-maselesi-talqylandy-64547321.html
Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда көлемі қаңтар-сәуірде 53 млн долларға жетті
Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда көлемі қаңтар-сәуірде 53 млн долларға жетті
Sputnik Қазақстан
Ираклий Кобахидзе Қазақстан Грузия үшін негізгі серіктес болып саналатынын мәлімдеді 30.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-30T09:53+0500
2026-06-30T09:53+0500
2026-06-30T10:06+0500
қазақстан
грузия
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1e/64545009_0:39:1280:759_1920x0_80_0_0_69517d425cdb3e70671f49a36e7b9da5.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайын талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.Ираклий Кобахидзе Қазақстан Грузия үшін негізгі серіктес болып саналатынын айтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара сауда көлемі 184,5 млн долларға, ал осы жылдың қаңтар-сәуір айларында 53 млн долларға жеткен.Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта грузин тарапының қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істейді, 14 ұйым "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында тіркелген.
https://sputnik.kz/20260629/qazaqstan-prezidenti-men-gruziya-premer-ministri-shagyn-quramda-kelissoz-zhurgizdi-64537754.html
қазақстан
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1e/64545009_108:0:1172:798_1920x0_80_0_0_32997b65b56bf9722f44b74f50ea6247.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, грузия
Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда көлемі қаңтар-сәуірде 53 млн долларға жетті
09:53 30.06.2026 (жаңартылды: 10:06 30.06.2026) Ираклий Кобахидзе Қазақстан Грузия үшін негізгі серіктес болып саналатынын мәлімдеді
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайын талқылады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Онда сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
"Қазақстан Грузияны Оңтүстік Кавказдағы, Қара теңіз аймағындағы сенімді дос әрі маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Қазақстан үкіметі Грузия үкіметімен диалог пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын", - деді Олжас Бектенов.
Ираклий Кобахидзе Қазақстан Грузия үшін негізгі серіктес болып саналатынын айтып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара сауда көлемі 184,5 млн долларға, ал осы жылдың қаңтар-сәуір айларында 53 млн долларға жеткен.
Бүгінгі таңда қазақстандық нарықта грузин тарапының қатысуымен 600-ден астам компания жұмыс істейді, 14 ұйым "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында тіркелген.