https://sputnik.kz/20260630/politsiya-qr-kodtardy-skanerleu-kezinde-saq-boluga-shaqyrdy-64545581.html
Полиция QR-кодтарды сканерлеу кезінде сақ болуға шақырды
Полиция QR-кодтарды сканерлеу кезінде сақ болуға шақырды
Sputnik Қазақстан
Қаскөйлер түпнұсқа кодтың орнына жалған QR-код жапсырып, азаматтарды фишингтік сайттарға бағыттауы мүмкін 30.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-30T09:25+0500
2026-06-30T09:25+0500
2026-06-30T09:27+0500
полиция
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/461/39/4613965_0:130:2930:1778_1920x0_80_0_0_65d5c6d76ca0e3609e15c523d955a33c.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда кездесетін күмәнді QR-кодтарды сканерлеу кезінде аса мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ведомствоның мәліметінше, QR-кодтар күнделікті өмірде кеңінен қолданылғанымен, алаяқтар осы технологияны пайдаланып, адамдарды алдаудың жаңа тәсілдерін меңгеріп келеді.Мұндай сайттардың негізгі мақсаты – пайдаланушылардың жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін немесе басқа да құпия ақпаратын заңсыз иемдену. Кей жағдайда азаматтар төлемді дұрыс жасағанына сенімді болғанымен, ақша алаяқтардың есепшотына түсіп жатады.Күмәнді QR-кодтардың негізгі белгілері:Полиция азаматтарға белгісіз QR-кодтарды негізсіз сканерлеуден бас тартуды, сілтеме ашылар алдында интернет-мекенжайын мұқият тексеруді, күмәнді сайттарға жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін немесе SMS арқылы келген растау кодтарын енгізбеуді ұсынды. Сондай-ақ белгісіз қосымшаларды орнатпауға және құрылғыға қосымша рұқсат бермеуге кеңес берді. Ал QR-код арқылы төлем жасамас бұрын оның ресми ұйымға тиесілі екеніне көз жеткізу қажет.Егер азамат күмәнді QR-кодты сканерлеп, жеке немесе қаржылық деректерін енгізіп қойған болса, дереу банкке хабарласып, төлем картасын бұғаттау керек.
https://sputnik.kz/20260625/politsiya-demalys-uylerin-zhalga-alu-kezindegi-alayaqtyq-turaly-eskertti-64411352.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/461/39/4613965_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_0bf4656e7c37b8dec20d41375073da0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алаяқ, алаяқтық
Полиция QR-кодтарды сканерлеу кезінде сақ болуға шақырды
09:25 30.06.2026 (жаңартылды: 09:27 30.06.2026) Қаскөйлер түпнұсқа кодтың орнына жалған QR-код жапсырып, азаматтарды фишингтік сайттарға бағыттауы мүмкін
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда кездесетін күмәнді QR-кодтарды сканерлеу кезінде аса мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ведомствоның мәліметінше, QR-кодтар күнделікті өмірде кеңінен қолданылғанымен, алаяқтар осы технологияны пайдаланып, адамдарды алдаудың жаңа тәсілдерін меңгеріп келеді.
"Көшеде, аялдамада, тұрғын үйлердің кіреберісінде немесе жарнама тақтасына орналастырылған QR-кодтарды сканерлемес бұрын олардың қауіпсіз екеніне көз жеткізу қажет. Қаскөйлер түпнұсқа кодтың орнына жалған QR-код жапсырып, азаматтарды фишингтік сайттарға бағыттауы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Мұндай сайттардың негізгі мақсаты – пайдаланушылардың жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін немесе басқа да құпия ақпаратын заңсыз иемдену. Кей жағдайда азаматтар төлемді дұрыс жасағанына сенімді болғанымен, ақша алаяқтардың есепшотына түсіп жатады.
Күмәнді QR-кодтардың негізгі белгілері:
QR-код басқа жарнаманың үстіне жапсырылған;
хабарландыруда ресми емес безендіру болуы мүмкін;
"Сыйлық алыңыз", "Тек бүгін", "Жедел сканерлеңіз" сияқты асықтыратын мәтіндер жазылған;
ұйымның атауы немесе байланыс деректері көрсетілмеген.
Полиция азаматтарға белгісіз QR-кодтарды негізсіз сканерлеуден бас тартуды, сілтеме ашылар алдында интернет-мекенжайын мұқият тексеруді, күмәнді сайттарға жеке деректерін, банк картасының мәліметтерін немесе SMS арқылы келген растау кодтарын енгізбеуді ұсынды. Сондай-ақ белгісіз қосымшаларды орнатпауға және құрылғыға қосымша рұқсат бермеуге кеңес берді. Ал QR-код арқылы төлем жасамас бұрын оның ресми ұйымға тиесілі екеніне көз жеткізу қажет.
Егер азамат күмәнді QR-кодты сканерлеп, жеке немесе қаржылық деректерін енгізіп қойған болса, дереу банкке хабарласып, төлем картасын бұғаттау керек.