Маңғыстауда қараусыз қалған ұңғымадан ауаға газ тарады

© Sputnik / Максим БогодвидҰңғыма
Ұңғыма - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2026
Жазылу
Ұңғыма Қарақия ауданында орналасқан
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Маңғыстауда қараусыз қалған ұңғымадан газдың ауаға таралуы анықталды, деп хабарлады Lada.kz.
Ұңғыма Қарақия ауданында орналасқан.
Кеше, 29 маусымда Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау прокуратурасына қараусыз қалған ұңғымадан газдың ауаға таралып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Аймақтағы экологтар оқиға орнына барып, ауа сынамаларын жинап, ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті концентрациядан асып кеткенін тіркеді.
"Зертханалық зерттеулер ластаушы заттардың деңгейі рұқсат етілген шекті концентрациядан асып кеткенін көрсетті", - дейді экологтар.
Мамандардың хабарлауынша, бұл оқиға жөнінде Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар берілді.
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2026
Маңғыстауда экологияны ластаған компанияға 474 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0