https://sputnik.kz/20260630/germaniya-2026-zhylgy-futboldan-alem-chempionatynan-shygyp-qaldy-64542723.html
Германия 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатынан шығып қалды
Германия 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатынан шығып қалды
Sputnik Қазақстан
1/8 финалда Парагвай құрамасы Франция мен Швеция арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі 30.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-30T08:19+0500
2026-06-30T08:19+0500
2026-06-30T08:19+0500
футбол
футболдан әлем чемпионаты
германия
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1e/64541912_0:68:1280:788_1920x0_80_0_0_ad5abfe2e7caf05ddfe574864896d3f9.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Парагвай құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Германия құрамасын пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге өтті.Дүйсенбі күні Бостонда өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Парагвай құрамасынан Хулио Энсисо 42-минутта гол соқса, Германия сапында Кай Хаверц 54-минутта есепті теңестірді.Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмағандықтан, командалар қосымша екі тайм өткізді. 102-минутта Германия қорғаушысы Джонатан Та гол соқты. Алайда VAR жүйесінің көмегімен ереже бұзылғаны анықталып, гол есепке алынбады.Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Онда Парагвай құрамасы жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.Парагвай президенті Сантьяго Пенья Германияны жеңіп, тарихи жетістікке жеткен ұлттық құраманың құрметіне 30 маусымды ел бойынша демалыс күні деп жариялады.Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде футболшыларға алғыс білдіріп: "Сіздер миллиондаған парагвайлықты қайтадан бір тудың астына біріктірдіңіздер", – деп жазды.
https://sputnik.kz/20260623/lionel-messi-futboldan-alem-chempionaty-tarikhyndagy-en-uzdik-shabuylshy-atandy---foto-64360859.html
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1e/64541912_70:0:1210:855_1920x0_80_0_0_8946d830526d46e2ff67641b67c75344.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, футболдан әлем чемпионаты, германия
футбол, футболдан әлем чемпионаты, германия
Германия 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатынан шығып қалды
1/8 финалда Парагвай құрамасы Франция мен Швеция арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Парагвай құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Германия құрамасын пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Дүйсенбі күні Бостонда өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Парагвай құрамасынан Хулио Энсисо 42-минутта гол соқса, Германия сапында Кай Хаверц 54-минутта есепті теңестірді.
Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмағандықтан, командалар қосымша екі тайм өткізді. 102-минутта Германия қорғаушысы Джонатан Та гол соқты. Алайда VAR жүйесінің көмегімен ереже бұзылғаны анықталып, гол есепке алынбады.
Матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Онда Парагвай құрамасы жеңіске жетіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Парагвай президенті Сантьяго Пенья Германияны жеңіп, тарихи жетістікке жеткен ұлттық құраманың құрметіне 30 маусымды ел бойынша демалыс күні деп жариялады.
Мемлекет басшысы әлеуметтік желіде футболшыларға алғыс білдіріп: "Сіздер миллиондаған парагвайлықты қайтадан бір тудың астына біріктірдіңіздер", – деп жазды.