Алматыда бір үйдің үш келіні ұрлықпен айналысқан - видео

© Sputnik / Абзал КалиевҰрлық
Ұрлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2026
Жазылу
Ұсталғандардың Алматы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Алматыда ұрлықпен айналысқан үш әйел ұсталды.
Алматының полиция департаменті хабарлауынша, олар бір үйдің үш келіні.
Қалта ұрлығына күдікті әйелдер алдын ала өзара рөлдерді бөлісіп, адам көп жиналатын орындарды таңдаған.
"Олар базарлар, қоғамдық көлік және халық көп шоғырланған өзге де орындарда ұялы телефондарды, ақша және алтын бұйымдарды ұрлаған", - дейді полицияда.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандардың Алматы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін.
Тергеу жалғасып жатыр.
Центральная мечеть Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2026
Алматы тұрғыны мешіттерде ұрлық жасаған
Жаңалықтар
0