https://sputnik.kz/20260629/ulttyq-ulan-askeri-qyzmetshilerin-psikhologiyalyq-suyemeldeudin-tsifrlyq-zhuyesin-engizdi-64522467.html
Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді
Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді
Sputnik Қазақстан
Жүйе сарбаздардың эмоционалдық жағдайын бақылап, психологиялық проблемаларды ерте анықтауға мүмкіндік береді 29.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-29T09:36+0500
2026-06-29T09:36+0500
2026-06-29T09:37+0500
ұлттық ұлан
ішкі істер министрлігі
сарбаз
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1d/64522819_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_bf235d911e8d002fc00d1be2ab0cd7d3.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерді, әсіресе жас сарбаздарды психологиялық сүйемелдеудің және іріктеудің жаңа цифрлық модулін енгізді. Мнистрліктің айтуынша, жүйені енгізудің арқасында нәтижелерді өңдеу уақыты екі сағаттан 10-15 минутқа дейін қысқарып, құжаттама көлемі 80%-ке азайды. Ал психологиялық қызмет мамандарының жұмыс уақытын үнемдеу шамамен 2000 сағатты құрайды.E-Nazar-дың басты артықшылықтарының бірі — дербес деректерді қорғаудың жоғары деңгейі, ақпаратты өңдеудің жоғары жылдамдығы.Психологиялық әдістердің электрондық нұсқаларын ұландық қос сарбаз — ефрейтор Ким Хён У мен қатардағы Берікжан Бектұрсынов аға офицерлердің басшылығымен әзірлеген. Олар жасаған ақпараттық өнім патенттелген, бұл оның жаңалығы мен практикалық маңыздылығын растайды."Цифрлық жүйенің тиімділігі елордалық 5573 әскери бөлімінде тәжірибелік апробация барысында расталды. Сәтті тестілеуден кейін жоба ІІМ Ұлттық ұланының барлық бөлімшелерінде автоматтандырылған психологиялық мониторингтің бірыңғай құралы болуға дайын", - делінген хабарламада.
https://sputnik.kz/20260119/astanadagy-mektepte-oqushynyn-konil-kuyin-zhasandy-intellekt-baqylaydy-60528180.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1d/64522819_78:0:1215:853_1920x0_80_0_0_ac79c2bbd21bcd1d1f3be26bb72d97e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық ұлан, ішкі істер министрлігі, сарбаз, цифрландыру
ұлттық ұлан, ішкі істер министрлігі, сарбаз, цифрландыру
Ұлттық ұлан әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесін енгізді
09:36 29.06.2026 (жаңартылды: 09:37 29.06.2026) Жүйе сарбаздардың эмоционалдық жағдайын бақылап, психологиялық проблемаларды ерте анықтауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерді, әсіресе жас сарбаздарды психологиялық сүйемелдеудің және іріктеудің жаңа цифрлық модулін енгізді.
Мнистрліктің айтуынша, жүйені енгізудің арқасында нәтижелерді өңдеу уақыты екі сағаттан 10-15 минутқа дейін қысқарып, құжаттама көлемі 80%-ке азайды. Ал психологиялық қызмет мамандарының жұмыс уақытын үнемдеу шамамен 2000 сағатты құрайды.
"Жүйе психологиялық тестілеуден өткізуді, нәтижелерді автоматты түрде өңдеуді және аналитикалық деректерді қалыптастыруды бірыңғай орталықтандырылған процеске біріктіреді. Платформада мерзімді қызметтегі әскериер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және офицерлердің психологиялық тестілеуден өту мүмкіндігі қарастырылған", - дейді министлік.
E-Nazar-дың басты артықшылықтарының бірі — дербес деректерді қорғаудың жоғары деңгейі, ақпаратты өңдеудің жоғары жылдамдығы.
Психологиялық әдістердің электрондық нұсқаларын ұландық қос сарбаз — ефрейтор Ким Хён У мен қатардағы Берікжан Бектұрсынов аға офицерлердің басшылығымен әзірлеген. Олар жасаған ақпараттық өнім патенттелген, бұл оның жаңалығы мен практикалық маңыздылығын растайды.
"Цифрлық жүйенің тиімділігі елордалық 5573 әскери бөлімінде тәжірибелік апробация барысында расталды. Сәтті тестілеуден кейін жоба ІІМ Ұлттық ұланының барлық бөлімшелерінде автоматтандырылған психологиялық мониторингтің бірыңғай құралы болуға дайын", - делінген хабарламада.