Қазақстанда үш мың адам бір айға әскерге шақырылады

© Photo : Минобороны КазахстанаӘскердегі сарбаздар
Әскердегі сарбаздар - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Жазылу
Шақыртуды алғаннан кейін тиісті орынға белгіленген мерзімде келу керек
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Биыл жоспарлы оқу-жаттығу жиындарына запастағы үш мың әскери міндетті адам тартылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу жиындары резервтегілердің даярлық деңгейін жетілдіріп, практикалық дағдыларды жаңарту үшін өткізіледі. Олар заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы меңгереді.
"Қатысушыларды іріктеу жергілікті әскери басқару органдары тарапынан армияның нақты әскери-есептік мамандықтары бойынша қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте дайындық деңгейі, денсаулық жағдайы және заңнамада белгіленген өзге де талаптар ескеріледі", - делінген ресми хабарламада.
Запастағы әскери міндетті азаматтарға арнайы шақырту жіберіледі. Шақыртуды алғаннан кейін тиісті орынға белгіленген мерзімде келу керек. Адам келмеген жағдайда 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Заңнамаға сәйкес, бұл іс-шараларға тартылмайтын азаматтар санаты айқындалған. Олар:
оқу жылы кезеңіндегі педагогтар;
күндізгі бөлімде білім алушылар;
кәмелетке толмаған үш және одан да көп баласы бар ата-аналар;
әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңда көрсетілген өзге де санаттар;
"Дайындық мерзімі бір айға дейін созылады. Осы уақыт аралығында қатысушылар азық-түлікпен, киім-кешекпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Жаттығу өтетін орынға бару және кері қайту қорғаныс министрлігінің есебінен ұйымдастырылады", - дейді министрлік мамандары.
Оқу-жиындарына барған адамның жұмыс орны мен атқарған қызметі сақталады. Орташа жалақы да төленеді, ал жұмыссыз азаматтарға бюджет қаражаты есебінен ең төменгі жалақы беріледі. Жиын уақыты жалпы еңбек өтіліне есептеліп жазылады.
Гвардейцы Казахстана смогут оценивать качество питания в столовых через электронную систему - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2026
Әскерге барып келген жастарға оқуға грант табысталды
Жаңалықтар
0