Қазақстан халықаралық банктерден шамамен 490 млрд теңге қарыз алады

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗдание сената парламента Казахстана
Здание сената парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Жазылу
Қаражат 2026 жылға арналған республика бюджетінің тапшылығын қаржыландыруға бағытталады
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Сенат халықаралық банктермен екі несиелік келісімді ратификациялады.
Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы алғашқы келісімге 2026 жылғы 20 мамырда Астанада қол қойылған болатын.
Құжатта Қазақстанға 11 жыл мерзімге, оның ішінде бес жылдық жеңілдік кезеңімен 92,3 миллиард жапон иені (575,9 миллион доллар) көлемінде несие беру көзделген.
Сондай-ақ Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы несиелік келісім (инклюзивті және тұрақты экономикалық өсу бағдарламасы үшін) бекітілді. 2026 жылғы 15 маусымда жасалған келісім бес жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 11 жыл, Қазақстанға жалпы сомасы 62,4 миллиард жапон иенін (389,3 миллион доллар) қарызға беруді көздейді.

"Несие түсімдері ағымдағы жылғы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы 2026 жылға арналған республикалық бюджет шеңберінде қабылданған барлық мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді", - деп хабарлады сенат.

Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2026
Үкімет халықаралық екі ірі банктен қарызға алатын ақшаны қайда жұмсайды
Жаңалықтар
0