https://sputnik.kz/20260629/otkizu-punktterinde-baqylau-kusheytildi-ministrlik-zhanar-zhagarmay-tapshylygy-turaly-64539884.html
"Өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді": министрлік жанар-жағармай тапшылығы туралы
"Өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді": министрлік жанар-жағармай тапшылығы туралы
Sputnik Қазақстан
Ел ішінде де жағдай үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында 29.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-29T20:52+0500
2026-06-29T20:52+0500
2026-06-29T20:53+0500
бензин
министрлік
бақылау
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55339359_0:0:2979:1677_1920x0_80_0_0_908b2939f3b5ac53624729fe21bc62b3.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Қазіргі уақытта елімізде жанар-жағармай материалдарының тапшылығының туындау қаупі жоқ, деп мәлімдеді энергетика министрлігі нарықағы жағдайға қатысты түсініктеме бере отырып.Ведомство хабарлауынша, ішкі нарықта жазғы және туристік маусым кезеңінде тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде мұнай өнімдерінің қоры қалыптастырылған.Бұған дейін енгізілген мемлекеттік реттеу шаралары өз күшінде қалып отыр. Атап айтқанда, осы жылдың 21 қарашасына дейін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға уақытша шектеу енгізілген.Сонымен қатар, автокөлік құралдарының мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу қойылған."20 маусымнан бастап өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді. Бұл жұмыстарға ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі, мемлекеттік кірістер комитеті және қаржылық мониторинг агенттігінің бөлімшелері тартылған", - дейді министрлікте.Ел ішінде де жағдай үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.Сонымен қатар министрлік Қазақстанда автомобиль отынының бөлшек саудадағы бағалары мемлекет тарапынан реттелмейтінін және тек нарықтық қағидаттар негізінде қалыптасатынын ескертті.
https://sputnik.kz/20260610/energetika-ministri-benzin-neshe-tengege-qymbattaganyn-aytty-64037735.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/03/55339359_226:0:2957:2048_1920x0_80_0_0_6c36395306f2b2e005eb84bd5334c402.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин, министрлік, бақылау
бензин, министрлік, бақылау
"Өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді": министрлік жанар-жағармай тапшылығы туралы
20:52 29.06.2026 (жаңартылды: 20:53 29.06.2026) Ел ішінде де жағдай үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Қазіргі уақытта елімізде жанар-жағармай материалдарының тапшылығының туындау қаупі жоқ, деп мәлімдеді энергетика министрлігі нарықағы жағдайға қатысты түсініктеме бере отырып.
Ведомство хабарлауынша, ішкі нарықта жазғы және туристік маусым кезеңінде тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде мұнай өнімдерінің қоры қалыптастырылған.
"Жалпы резерв көлемі 1,1 млн тоннадан асады. Оның ішінде АИ-92 және АИ-95 маркалы автомобиль бензині, сондай-ақ дизель отынының жеткілікті қоры бар. Аталған қорлар тұрақты негізде сақталып, мұнай өңдеу зауыттарының ағымдағы өндірісі есебінен үнемі толықтырылып отырады", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін енгізілген мемлекеттік реттеу шаралары өз күшінде қалып отыр. Атап айтқанда, осы жылдың 21 қарашасына дейін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға уақытша шектеу енгізілген.
Сонымен қатар, автокөлік құралдарының мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу қойылған.
"20 маусымнан бастап өткізу пункттерінде бақылау күшейтілді. Бұл жұмыстарға ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі, мемлекеттік кірістер комитеті және қаржылық мониторинг агенттігінің бөлімшелері тартылған", - дейді министрлікте.
Ел ішінде де жағдай үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.
"Қазіргі уақытта олар күшейтілген мақсатты тексерулер жүргізіп, жанармай құю станцияларындағы отын қорына мониторинг жасап, жанар-жағармайдың заңсыз әкетілуінің жолын кесу және өнімді өткізушілер тарапынан болуы мүмкін негізсіз әрекеттерге жедел ден қою жұмыстарын жүзеге асырып жатыр", - дейді ведомствода.
Сонымен қатар министрлік Қазақстанда автомобиль отынының бөлшек саудадағы бағалары мемлекет тарапынан реттелмейтінін және тек нарықтық қағидаттар негізінде қалыптасатынын ескертті.