Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 маусым

© Sputnik / Владислав Воднев29 маусым - күнтізбе
29 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Жазылу
29 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

29 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – Халықаралық өндірістік дизайн күні. Мерекені халықаралық өндірістік дизайнерлер қауымдастығы 2007 жылы бекітті. Бұл күн бекер таңдалынып алынбаған, 29 маусымда бүкіл әлемнің индустриялық суретші-дизайнерлерінің ұйымы құрылған болатын. Өндірістік дизайнерлер жасаған заттарды біз күнде көріп, пайдаланамыз. Адамдар тұтынатын барлық өндірістік тауарлар олардың еңбегінің нәтижесі.
Сондай-ақ бүгін Халықаралық тропиктер күні аталып өтеді. Мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы тропикалық аудандардағы қиындықтар туралы баршаны хабардар ету үшін бекіткен. Бұдан бөлек, мейрам тұрақты дамудағы тропикалық елдердің маңызды рөлін көрсетуді көздейді.

29 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1855 жылы Лондонда *The Daily Telegraph* газетінің бірінші саны шықты;
1916 жылы "Боинг" ұшағы алғаш рет әуеге көтерілді;
1964 жылы теледидарды алыстан басқару пульті жасалды;
1985 жылы Нью-Йоркте Джон Леннонның "Роллс-Ройсы" 2,229 миллион долларға сатылды;
1995 жылы Сеулде Sampoong супермаркеті опырылып құлап, 502 адам қаза тапты;
2007 жылы АҚШ-та алғашқы iPhone сатылымға шықты.

29 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1932 жылы КСРО Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының алқасы "Балқаш мыс балқыту комбинатының құрылысы туралы" қаулы қабылдады;
1964 жылы "Мақат – Ақтау" темір жолының құрылысы аяқталды;
1992 жылы Қазақстан мен Люксембург Ұлы герцогтығының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды;
2001 жылы ҚР президентінің "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Жарлығы шықты;
2009 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны "Әзірет Сұлтан" деп атады;
2010 жылы Маңғыстау облысында республикадағы жалғыз кеме жөндейтін зауыт іске қосылды.

29 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1900 жылы француз ұшқышы және жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери дүниеге келді. Ол әлемдегі ең танымал "Кішкентай ханзада" ("Маленький Принц") шығармасын жазды;
1908 жылы джазды классикамен біріктірген америкалық композитор Лерой Андерсон дүниеге келді;
1964 жылы кеңес, грузин және ресейлік эстрада әншісі, композитор, театр және кино актері Сосо Павлиашвили дүниеге келді;
1978 жылы америкалық әнші және актриса, The Pussycat Dolls тобының бұрынғы мүшесі Николь Шерзингер дүниеге келді.

29 маусымда Қазақстанда кім туды

1919 жылы Кеңес Одағының Батыры, 61-ші танкке қарсы артиллериялық батальонның барлау взводының командирі Қазбек Нұржанов дүниеге келді;
1939 жылы биология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанда молекулалық биология мен биотехнологияның негізін қалаушылардың бірі Мұрат Айтхожин дүниеге келді;
1958 жылы журналист, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайнар Олжай дүниеге келді;
1979 жылы қазақстандық кәсіпкер, "Qarmet" АҚ және "Allur Group" компаниялар тобы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев дүниеге келді.
Жаңалықтар
0