Астанада LRT 3,1 млн жолаушыны тасымалдады

© Sputnik/ Ануар МаратовLRT картасы
LRT картасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта жүйенің орташа тәуліктік жолаушылар ағыны – шамамен 70 мың адам
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі 3 миллионнан астам жолаушы тасымалдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылған сәттен бері оның қызметін 3,1 миллион жолаушы пайдаланды.
"Қазіргі уақытта жүйенің орташа тәуліктік жолаушылар ағыны – шамамен 70 мың адам. Бұл көрсеткіш оның елорда тұрғындары мен қонақтары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.
Tarlan Astana елордадағы қоғамдық көліктің негізгі түрлерінің біріне айналып, жолаушыларға жылдам, жайлы әрі қолайлы қатынау мүмкіндігіне айналып келеді, дейді әкімдікте.
Айта кетейік, елордада Tarlan Astana жобасының Қосшы бағытына арналған екінші кезеңін іске асыру жұмысы да басталды. Жобаның жүзеге асырылуы елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға және тұрғындар мен қала қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Астанадағы LRT-ның атауы өзгереді
Жаңалықтар
0