Алматы облысындағы полицей өлімі: күдікті жасөспірімдер үйқамаққа алынды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаЭлектронный браслет
Электронный браслет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Жазылу
Жақында оларға электронды білезік тағылып, бейнебақылау орнатылады
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Алматы облысында жанып кеткен полицейдің ісіне қатысты күдікті деп танылған жасөспірімдер үйқамаққа алынды.

Бұл туралы олардың адвокаттары Гауһар Сариева мен Динара Шәмшекова өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айтуларынша, Кеген аудандық сотының тергеу судьясы күдіктілерді тергеу изоляторына қамаудан бас тартып, оларға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған. Жақында оларға электронды білезік тағылып, бейнебақылау орнатылады.

Сот отырысында қорғаушылар істің бірқатар мән-жайын ескеруді сұрады.

"Күдікті жасөспірімдер ұзақ уақыт бойы отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездікке куә болған, тіпті өздері де сондай жағдайдың құрбаны болуы мүмкін", - деп жазды адвокаттар.

Қорғаушылар бұл деректерді тергеу барысында жан-жақты тексеру қажет екенін айтты.

Еске сала кетейік, 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданында полицейдің өртенген мәйіті табылы. Күдіктілер ретінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Алматы облысында полицейдің жанып кеткен денесі табылды - марқұмның әйелі мен ұлы ұсталды
Жаңалықтар
0