https://sputnik.kz/20260629/akimshilik-raqymshylyq-salyqshylar-kimderdi-ayyppuldan-bosatady-64535964.html
Әкімшілік рақымшылық: салықшылар кімдерді айыппұлдан босатады
Әкімшілік рақымшылық: салықшылар кімдерді айыппұлдан босатады
Sputnik Қазақстан
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша заң бұзылған жағдайда рақымшылық қолданылмайды 29.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-29T16:36+0500
2026-06-29T16:36+0500
2026-06-29T16:38+0500
салық
айыппұл
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_27ada75fa95f2cd016eebe4f3b3acdb9.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік рақымшылық аясында айыппұлдарды кешіру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әкімшілік рақымшылық кезінде жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, нотариустарды, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және заң консультанттары айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылады.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша заң бұзылған жағдайда рақымшылық қолданылмайды. Олар:Осы орайда комитет биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салық берешегінің негізгі сомасы толық өтелген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылғанын да еске салды.Ресми мәліметке сәйкес, 13 млрд теңге сомасына салық бершегін өтеген 19 мың микро және шағын бизнес субъектісіне 4,4 млрд теңге мөлшеріндегі өсімпұлдар және 4,9 млрд теңге мөлшеріндегі айыппұлдар есептен шығарылған болатын. Ал әкімшілік рақымшылыққа жалпы сомасы 298,4 млн теңгенің айыппұлын құрайтын 2 370 адамға қолданылады. Олардың ішінде 448 жеке тұлға (72,7 млн теңге) және 1 930 жеке кәсіпкер (225,6 млн теңге) бар.Айта кетері, әкімшілік рақымшылық кезінде кешірілетін айыппұлдардың басым бөлігі ішкі істер министрлігімен кешіріледі.
https://sputnik.kz/20260530/qylmystyq-zhane-akimshilik-raqymshylyqqa-kimder-iligui-mumkin-63831517.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0a/0a/47720250_296:0:1196:675_1920x0_80_0_0_0832e80880b1ebe6cb75dfaf62a68fd2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, айыппұл, қазақстанның жаңа конституциясы
салық, айыппұл, қазақстанның жаңа конституциясы
Әкімшілік рақымшылық: салықшылар кімдерді айыппұлдан босатады
16:36 29.06.2026 (жаңартылды: 16:38 29.06.2026) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша заң бұзылған жағдайда рақымшылық қолданылмайды
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік рақымшылық аясында айыппұлдарды кешіру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әкімшілік рақымшылық кезінде жеке тұлғалар, кәсіпкерлер, нотариустарды, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және заң консультанттары айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан босатылады.
"Бұл ретте рақымшылық заңды тұлғаларға, лауазымды адамдарға, қандастарға, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды. Сонымен қатар рақымшылық сот тағайындаған әкімшілік жазаларға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды",- дейді салықшылар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабы бойынша заң бұзылған жағдайда рақымшылық қолданылмайды. Олар:
салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру;
салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есепке жазылған сомаларын төлеуден жалтару;
салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын төмендету.
Осы орайда комитет биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салық берешегінің негізгі сомасы толық өтелген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылғанын да еске салды.
Ресми мәліметке сәйкес, 13 млрд теңге сомасына салық бершегін өтеген 19 мың микро және шағын бизнес субъектісіне 4,4 млрд теңге мөлшеріндегі өсімпұлдар және 4,9 млрд теңге мөлшеріндегі айыппұлдар есептен шығарылған болатын. Ал әкімшілік рақымшылыққа жалпы сомасы 298,4 млн теңгенің айыппұлын құрайтын 2 370 адамға қолданылады. Олардың ішінде 448 жеке тұлға (72,7 млн теңге) және 1 930 жеке кәсіпкер (225,6 млн теңге) бар.
Айта кетері, әкімшілік рақымшылық кезінде кешірілетін айыппұлдардың басым бөлігі ішкі істер министрлігімен кешіріледі.