https://sputnik.kz/20260629/32-adamdy-aldap-28-mln-tengeni-qoldy-qylgan-qazaqstandyq-albaniyadan-ekstraditsiyalandy-64523121.html
32 адамды алдап, 28 млн теңгені қолды қылған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды
32 адамды алдап, 28 млн теңгені қолды қылған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Ол жоғарғы сынып оқушыларын оқуға түсіруге уәде берген 29.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-29T09:52+0500
2026-06-29T09:52+0500
2026-06-29T10:04+0500
бас прокуратура
алаяқ
экстрадицияланды
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Албаниядағы елшілігінің қолдауымен бірнеше рет алаяқтық жасаған азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден экстрадициялады.Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.Ол 2025 жылдың мамыр айында Албанияда ұсталып, Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20260624/transulttyq-qylmystyq-topty-basqargan-kudikti-polshadan-ekstraditsiyalandy-64385316.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, алаяқ, экстрадицияланды
бас прокуратура, алаяқ, экстрадицияланды
32 адамды алдап, 28 млн теңгені қолды қылған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды
09:52 29.06.2026 (жаңартылды: 10:04 29.06.2026) Ол жоғарғы сынып оқушыларын оқуға түсіруге уәде берген
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Албаниядағы елшілігінің қолдауымен бірнеше рет алаяқтық жасаған азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталған елден экстрадициялады.
"Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жоғарғы сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау және жоғарғы оқу орындарына түсу бойынша қызметтер көрсету туралы көрінеу жалған мәліметтер таратқан", - делінген хабарламада.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 32 азамат жалпы сомасы 28 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатынан айырылды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Ол 2025 жылдың мамыр айында Албанияда ұсталып, Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.