Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Анкоридж келісімдерінен бас тартуы мүмкін - Axios

© POOL / Медиабанкке өтуДональд Трамп
Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2026
Жазылу
АСТАНА, 28 маусым-Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Анкориджде Ресеймен қол жеткізілген келісімдерден бас тартуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Axios порталы дереккөздерге сілтеме жасап.
Бұл туралы РИА новости жазды.
Жұма күні СІМ басшысы Сергей Лавров Аляска саммитінде Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп Вашингтонның Мәскеу қабылдаған Украина туралы ұсыныстарын талқылағанын, сондықтан АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың анкориджде ешқандай келісім болған жоқ деп айтуы қисынсыз екенін айтты.
"Трамп... ол Анкориджде қол жеткізілген келісімдерден бас тарта алатынын айтты. Келісімге сәйкес АҚШ Ресейдің кез келген мәміле аясында Донбассты бақылау туралы талабын қабылдаға болатын", - дейді портал.
Бейсенбіде Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Аляскадағы кездесу нәтижелері әлі іске асырылмағанын айтты.
2025 жылдың жазында Ресей мен АҚШ президенттері Анкориджде келіссөздер жүргізді, көшбасшылар украин қақтығысын шешу жолдарын талқылады. Владимир Путин саммит қорытындысы бойынша Украинадағы қақтығыстың аяқталуына қол жеткізу мүмкіндігі туралы мәлімдеген болатын.
Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей АҚШ-тың Украинаға қатысты ұсынысы бойынша әлі жауап алған жоқ - Лавров
Жаңалықтар
0