Францияда аптап ыстықтан 1000-ға жуық адам көз жұмды

© AP Photo / Thomas PadillaЛюди купаются в Сене, Париж
Люди купаются в Сене, Париж - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2026
Жазылу
Бұл көрсеткіш әлі өседі деп болжанып отыр
АСТАНА, 28 маусым-Sputnik. Францияда өткен айлардағы көрсеткіштермен салыстырғанда аптап ыстық кезінде шамамен 1000-ға артық өлім тіркелді, деп хабарлады Reuters елдің ұлттық денсаулық сақтау агенттігіне сілтеме жасап.
"Францияда аптап ыстық кезінде 1000-ға артық өлім тіркелді. Олардың басым бөлігі - қарт адамдар. Қарттар үйлері мен жеке тұрғын үйлердегі өлім-жітімге қатысты қосымша ақпарат түскен кезде бұл көрсеткіш өседі деп күтілуде", - делінген хабарламада.
Өсім соңғы бірнеше күнде ауа райының қызыл дабылы жарияланған аймақтарда тіркелді.
Басылымның хабарлауынша, маусым айының ортасында Еуропаны шарпыған аптап ыстық температура рекордын жаңартты. Бірқатар елде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді, ал кей жерде одан да асып түсті.
Алматыдағы көктем - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жаңбыр мен найзағай: маусымда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0