Ақтөбеде туристік қызметке жүгінгендер сан соғып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек считает деньги
Человек считает деньги  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2026
Жазылу
Азаматтардың қаражаты күдіктінің жеке мақсаттарына пайдаланылған
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Ақтөбеде туристік қызмет көрсету желеуімен жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы шетелге туристік сапарлар ұйымдастыру жөнінде хабарландырулар жариялаған. Азаматтарды туристік қызметтер көрсету мүмкіндігі бар екеніне сендіріп, турларды, әуе билеттерін және қонақүйде тұру орындарын брондау үшін төлем ретінде ақшалай қаражат алған. Алайда алынған қаражатқа қарамастан, өзіне алған міндеттемелерін орындамаған.
"Туристік сапарлар ұйымдастырылмаған. Азаматтардың қаражаты күдіктінің жеке мақсаттарына пайдаланылған. Заңға қайшы әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге елеулі материалдық залал келтірілген. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Прокуратура азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы туристік қызметтерді сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2026
Алматыда жүздеген адамды 8 жыл бойы алдаған алаяқ ұсталды
Жаңалықтар
0