https://sputnik.kz/20260628/aqmola-oblysynda-zhasymyq-ondeytin-zamanaui-tsekh-salynyp-zhatyr--64510045.html
Ақмола облысында жасымық өңдейтін заманауи цех салынып жатыр
Ақмола облысында жасымық өңдейтін заманауи цех салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Өндірістік желі қыркүйек айында пайдалануға беріледі 28.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-28T14:00+0500
2026-06-28T14:00+0500
2026-06-28T14:00+0500
өндіріс
ауыл шаруашылығы министрлігі
ақмола облысы
өнімдер
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/12/48605736_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_7b619c18e2d048d89d5c3cd212b7c0fa.jpg
АСТАНА, 28 маусым-Sputnik. Ақмола облысында жасымықты өңдеуге арналған заманауи цех салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.Жоба агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеу саласын дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемін арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, өндірілген өнімді тиімді пайдалануға жол ашады. Сондай-ақ өңірдегі агробизнестің дамуына қосымша серпін бермек. Өндірістік желіні іске қосу 2026 жылдың қыркүйек айына жоспарланған. Кәсіпорынды одан әрі дамыту аясында сыйымдылығы 14 мың тонна болатын заманауи көкөніс сақтау қоймасын салу да көзделген. Нысанды пайдалануға беру алдағы жылға жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20260619/zhambyl-oblysynda-zhylyna-30-million-zhumyrtqa-ondiretin-kesheninin-qurylysy-bastaldy-64262727.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/12/48605736_1:0:1200:899_1920x0_80_0_0_944be560f90ae4c12cccd7d870555fa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс, ауыл шаруашылығы министрлігі, ақмола облысы, өнімдер
өндіріс, ауыл шаруашылығы министрлігі, ақмола облысы, өнімдер
Ақмола облысында жасымық өңдейтін заманауи цех салынып жатыр
Өндірістік желі қыркүйек айында пайдалануға беріледі
АСТАНА, 28 маусым-Sputnik. Ақмола облысында жасымықты өңдеуге арналған заманауи цех салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Жоба агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеу саласын дамытуға, қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемін арттыруға және өңірдің экспорттық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
"Жобаның жалпы инвестиция көлемі 1,3 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Жаңа өндірістік нысанның қуаттылығы сағатына 5 тонна өнім өңдеуге мүмкіндік береді", - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіп, өндірілген өнімді тиімді пайдалануға жол ашады. Сондай-ақ өңірдегі агробизнестің дамуына қосымша серпін бермек. Өндірістік желіні іске қосу 2026 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Кәсіпорынды одан әрі дамыту аясында сыйымдылығы 14 мың тонна болатын заманауи көкөніс сақтау қоймасын салу да көзделген. Нысанды пайдалануға беру алдағы жылға жоспарланып отыр.