https://sputnik.kz/20260627/elde-bir-apta-ishinde-aleumettik-manyzy-bar-azyq-tuliktin-keybiri-arzandady-64503316.html
Елде бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің кейбірі арзандады
Елде бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің кейбірі арзандады
Sputnik Қазақстан
Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды 27.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-27T17:58+0500
2026-06-27T17:58+0500
2026-06-27T18:00+0500
азық-түлік
баға
арзандау
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0c/55595216_0:0:3153:1773_1920x0_80_0_0_a396c6196cf99114958338405218ac71.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады.Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2026 жылдың 24 маусымдағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді.Ең көп арзандаған өнім – қызанақ, оның бағасы 5,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар мына азық-түлік түрі арзандады:Сонымен қатар тазартылған күріш және балғын, салқындатылған және мұздатылған балық, қаймақ, алма және ас тұзының бағасы (әрқайсысы -0,1%) төмендеді.Жылпы бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қонаевта (-0,5%), Көкшетауда (-0,4%), Павлодарда (-0,3%), Шымкентте, Атырауда және Петропавлда (әрқайсысы -0,2%) төмендеді. Ал Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.Өңірлердегі бағаның төмендеуіне көкөніс өнімдерінің маусымдық арзандауы, сондай-ақ бакалея тобына жататын жекелеген тауарлар бағасының төмендеуі негізгі фактор болды:Ет өнімдері бойынша республикадағы сүйекті сиыр етінің орташа бағасы бір килограмына 3 777 теңгені, тауық етінің орташа бағасы бір килограмына 1 725 теңгені құрады.
https://sputnik.kz/20260625/kerisinshe-tusedi-vitse-ministr-zhazdagy-azyq-tulik-bagasy-turaly-aytty-64422601.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0c/55595216_195:0:2924:2047_1920x0_80_0_0_7793394df4ae90c159135c6c6fe0743d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік, баға, арзандау
азық-түлік, баға, арзандау
Елде бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің кейбірі арзандады
17:58 27.06.2026 (жаңартылды: 18:00 27.06.2026) Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2026 жылдың 24 маусымдағы жағдай бойынша есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді.
Ең көп арзандаған өнім – қызанақ, оның бағасы 5,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар мына азық-түлік түрі арзандады:
І санаттағы жұмыртқа (-1,3%);
майлылығы 2-3% айран (-0,2%);
майлылығы 5-9% сүзбе (-0,2%);
Сонымен қатар тазартылған күріш және балғын, салқындатылған және мұздатылған балық, қаймақ, алма және ас тұзының бағасы (әрқайсысы -0,1%) төмендеді.
Жылпы бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі Қонаевта (-0,5%), Көкшетауда (-0,4%), Павлодарда (-0,3%), Шымкентте, Атырауда және Петропавлда (әрқайсысы -0,2%) төмендеді. Ал Қостанай, Қызылорда, Семей, Тараз және Өскемен қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.
Өңірлердегі бағаның төмендеуіне көкөніс өнімдерінің маусымдық арзандауы, сондай-ақ бакалея тобына жататын жекелеген тауарлар бағасының төмендеуі негізгі фактор болды:
Республика бойынша қызанақтың орташа бағасы бір килограмына 654 теңгені құрады. Ең төменгі баға Шымкент қаласында тіркеліп, бір килограмы 406 теңгені құрады.
Тазартылған күріштің орташа республикалық бағасы бір килограмына 532 теңге болды. Ең қолжетімді бағалар Қызылордада – 461 теңге және Алматыда – 478 теңге деңгейінде тіркелді.
Картоптың республика бойынша орташа бағасы бір килограмына 280 теңгені құрады. Ең төменгі баға Тараз қаласында тіркеліп, бір килограмы 220 теңге болды.
І санаттағы он дана жұмыртқаның орташа бағасы республика бойынша 575 теңгені құрады. Ең төменгі бағалар Көкшетауда (486 теңге) және Ақтөбеде (488 теңге) тіркелді.
Ет өнімдері бойынша республикадағы сүйекті сиыр етінің орташа бағасы бір килограмына 3 777 теңгені, тауық етінің орташа бағасы бір килограмына 1 725 теңгені құрады.