https://sputnik.kz/20260626/toqaev-delsi-rodrigeske-konil-aytu-zhedelkhatyn-zholdady-64450195.html
Тоқаев жер сілкінісіне байланысты Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев жер сілкінісіне байланысты Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады
Sputnik Қазақстан
Президент жер сілкінісі салдарынан жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтты 26.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-26T08:06+0500
2026-06-26T08:06+0500
2026-06-26T08:26+0500
президент
венесуэла
жеделхат
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64448411_39:10:628:341_1920x0_80_0_0_a3ae62178f6912b9165f85f604e54726.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.Еске салайық, Венесуэлада қатарынан екіжойқын жер сілкінісі болып, оның бірінің магнитудасы - 7,2, екіншісінікі - 7,5-ті құрады. Содан кейін тағы 30 жер дүмпулері болды.Жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 235 адамға жетіп, 4,3 мың адам жарақат алған. Елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, іздеу-құтқару және қирандыларды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260625/venesuelada-bir-minut-ishinde-eki-zhoyqyn-zher-silkinisi-boldy---video-64414332.html
венесуэла
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/1a/64448411_91:26:554:373_1920x0_80_0_0_afc0c1187083072841ad70f03fc5c578.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, венесуэла, жеделхат
президент, венесуэла, жеделхат
Тоқаев жер сілкінісіне байланысты Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады
08:06 26.06.2026 (жаңартылды: 08:26 26.06.2026) Президент жер сілкінісі салдарынан жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтты
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.
"Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін", – делінген жеделхатта.
Еске салайық, Венесуэлада қатарынан екіжойқын жер сілкінісі болып, оның бірінің магнитудасы - 7,2, екіншісінікі - 7,5-ті құрады. Содан кейін тағы 30 жер дүмпулері болды.
Жер сілкінісінен қайтыс болғандар саны 235 адамға жетіп, 4,3 мың адам жарақат алған. Елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, іздеу-құтқару және қирандыларды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.