https://sputnik.kz/20260626/qazaqstan-iranda-zhuk-terminalyn-salady--zhumangarin-64474310.html
Қазақстан Иранда жүк терминалын салады – Жұманғарин
Қазақстан Иранда жүк терминалын салады – Жұманғарин
Sputnik Қазақстан
Вице-премьер жобаның 15 гектар аумаққа жоспарланғанын және жеке қордан қаржыландыратынын нақтылады 26.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-26T17:34+0500
2026-06-26T17:34+0500
2026-06-26T17:34+0500
серік жұманғарин
министр
иран
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63491018_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2ed2e7b7aeed299642fcf30726fa0164.jpg
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан Иран портында жүктерді ауыстырып тиеу терминалын салады, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Иран республикаға Шахид-Раджаи портында (Бандар Аббас) жер бөледі. Ол Ормуз бұғазының солтүстік жағалауында орналасқан.Вице-премьер жобаның 15 гектар аумаққа жоспарланғанын және жеке қордан қаржыландыратынын нақтылады.Терминал Қазақстанға тауар экспортын кеңейтуге мүмкіндік бермек.2025 жылдың қорытындысы бойынша "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемі 12 пайызға өсіп, 3,5 миллион тоннаны құрады. Екі ел арасындағы теміржол жүк тасымалы 69%-ке өсті.Қазақстан мен Иран көлік инфрақұрылымын жаңғыртудың бірлескен жол картасын әзірлеуге келісті. Осы шаралар кешенін жүзеге асыру дәліздің өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін арттырады.Иран тарапы Қазақстанға Шахид-Раджаи портында (Бандар Аббас) жер телімін беру жөніндегі уағдаластықтардың аяқталғанын хабарлады. Қажетті рәсімдер аяқталған соң жер учаскесі Қазақстанға беріледі.
https://sputnik.kz/20260617/qazaqstan-men-iran-kolik-dalizi-men-investitsiyalyq-yntymaqtastyqty-damytudy-zhedeldetpek-64173791.html
иран
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/10/63491018_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_ce9722552d254c83cde1b7de0adadf46.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
серік жұманғарин, министр, иран
серік жұманғарин, министр, иран
Қазақстан Иранда жүк терминалын салады – Жұманғарин
Вице-премьер жобаның 15 гектар аумаққа жоспарланғанын және жеке қордан қаржыландыратынын нақтылады
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан Иран портында жүктерді ауыстырып тиеу терминалын салады, деп хабарлады премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Иран республикаға Шахид-Раджаи портында (Бандар Аббас) жер бөледі. Ол Ормуз бұғазының солтүстік жағалауында орналасқан.
Вице-премьер жобаның 15 гектар аумаққа жоспарланғанын және жеке қордан қаржыландыратынын нақтылады.
"Менің білуімше, қазір келісімнің соңғы кезеңі жүріп жатыр", - деп қосты ол.
Терминал Қазақстанға тауар экспортын кеңейтуге мүмкіндік бермек.
"Бұл Қазақстанның мұхитқа – Үндістанға, Шығыс Африкаға, Парсы шығанағының өзіне және Оңтүстік-Шығыс Азияға тікелей шығуын қамтамасыз етеді. Мақсат – осы", - деп түсіндірді журналистерге Серік Жұманғарин.
2025 жылдың қорытындысы бойынша "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі арқылы тасымалданған жүк көлемі 12 пайызға өсіп, 3,5 миллион тоннаны құрады. Екі ел арасындағы теміржол жүк тасымалы 69%-ке өсті.
Қазақстан мен Иран көлік инфрақұрылымын жаңғыртудың бірлескен жол картасын әзірлеуге келісті. Осы шаралар кешенін жүзеге асыру дәліздің өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін арттырады.
Иран тарапы Қазақстанға Шахид-Раджаи портында (Бандар Аббас) жер телімін беру жөніндегі уағдаластықтардың аяқталғанын хабарлады. Қажетті рәсімдер аяқталған соң жер учаскесі Қазақстанға беріледі.