ЕАДБ "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" үшін 100 млн долларлық несие желісін ашады

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаЕАДБ "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" үшін 100 млн долларлық несие желісін ашады
ЕАДБ Азық-түлік келісім шарт корпорациясы үшін 100 млн долларлық несие желісін ашады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2026
Жазылу
Қаражат ұлттық астық операторының өз жобаларын іске асыруға, фермерлерді қаржыландыруға және ішкі нарықты өсімдік шаруашылығы өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталмақ
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мен Еуразиялық даму банкі 100 млн АҚШ доллары көлемінде кредиттік желі ашу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Қаражат ұлттық астық операторының өз жобаларын іске асыруға, сондай-ақ фермерлерді қаржыландыруға, басым ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруді ынталандыруға және ішкі нарықты өсімдік шаруашылығы өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталмақ.

""Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" мен ЕАДБ арасындағы ынтымақтастық Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ел экономикасының өсіміне серпін беретін негізгі салалардың бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған. Келісімге халықаралық инвестициялар мен Еуразия өңірінің даму перспективаларына арналған бизнес-форум аясында қол қойылды", - делінген хабарламада.

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Илдар Исмагуловтың айтуынша, тартылатын қарыз ұлттық оператордың аграрлық секторды қолдау жөніндегі қаржылық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
"Біз ЕАДБ-ға стратегиялық әріптестігі үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл корпорацияға Қазақстанның ғана емес, бүкіл өңірдің азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік институт ретінде көрсетілген сенімнің айқын көрінісі", – деді ол қол қою рәсімінде.
Айта кетері, 2025 жылғы қазанда халықаралық Moody’s Ratings рейтингтік агенттігі "Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" кредиттік рейтингі бойынша болжамды "тұрақтыдан" "оңға" дейін жақсартты. Бұл ұлттық оператордың қаржылық тұрақтылығының нығайғанын көрсетеді.
ЕАДБ Алматыдағы бизнес-форумда келісім жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Қазақстанға инвестиция көлемі артады - ЕАДБ төрағасы
Жаңалықтар
0