Түркиядағы "Аккую" АЭС алғашқы энергоблогының құрылысы аяқталды
15:47 25.06.2026 (жаңартылды: 15:50 25.06.2026)

© Photo : Служба коммуникаций АО "Аккую Нуклеар"
Жазылу
Нысан реакторды іске қосуға дайындық сатысына көшті
АСТАНА, 25 маусым - Sputnik. "Росатом" бас директоры Алексей Лихачёв Түркиядағы "Аккую" АЭС-ның құрылыс алаңына барып, бірінші энергия блогындағы құрылыс жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді.
Сапар барысында "Росатом" басшысы №1 энергоблоктағы іске қосу-баптау жұмыстарының барысымен танысты. Бұл блокта құрылыс жұмыстарының толық кешені аяқталып, реактор қондырғысын суық-ыстық сынақтан өткізу кезеңіне белсенді дайындық жүріп жатыр.

Түркиядағы "Аккую" АЭС алғашқы энергоблогының құрылысы аяқталды
© Photo : Служба коммуникаций АО "Аккую Нуклеар"
"Біз құрылыс жұмыстарының аяқталғанын тіркеп отырмыз. Бүгін түнде реактордың суық гидравликалық сынақтары басталды және бұл жұмыстар бірнеше апта ішінде аяқталады. Осыдан кейін іске қосу операцияларының басталуына санаулы апталар ғана қалады. Атқарылған барлық жұмыстардың қорытындысы бойынша тексеру жүргізіліп, соңғы кезеңге қажетті түзетулер енгізіледі", - деді Лихачев.
Бұл шабыттандыратын сәтті 42 шақырымдық марафон қашықтығындағы соңғы жүз метрмен салыстыруға болады. Қазір ең соңғы серпіліс кезеңі келді, сондықтан барлық күш-жігерді жұмылдыру қажет, деді ол.
Айтуынша, соңғы кезеңдегі маңызды бағыттардың бірі – қызмет көрсетуші персоналдың жұмысын іске қосу. Бірінші блок персоналының саны 1930 адамды құрайды, олардың 40 пайыздан астамы – Түркия азаматтары.

Түркиядағы "Аккую" АЭС алғашқы энергоблогының құрылысы аяқталды
© Photo : Служба коммуникаций АО "Аккую Нуклеар"
Айта кетері, суық-ыстық сынақтан өткізу – іске қосу-баптау жұмыстарының негізгі кезеңдерінің бірі.
"Аккую" атом электр станциясы – Түркияда салынып жатқан алғашқы атом электр станциясы. "Аккую" АЭС жобасы ресейлік ВВЭР 3+ буынындағы реакторлармен жабдықталған төрт энергоблоктан тұрады. Әрбір энергоблоктың қуаты 1200 МВт болады. "Аккую" АЭС құрылысы – әлемдік атом энергетикасы саласында алғаш рет жүзеге асырылып отырған Build-Own-Operate ("сал – иелен – пайдалан") ұйымдастырушылық-экономикалық моделі негізіндегі жоба.
