Тайланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға ниетті

© Sputnik / Санат ИмангалиевГлавы МИД Таиланда и Казахстана Сихасак Пхуангкеткео и Ермек Кошербаев подписали План сотрудничества на 2026-2027 годы
Главы МИД Таиланда и Казахстана Сихасак Пхуангкеткео и Ермек Кошербаев подписали План сотрудничества на 2026-2027 годы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Жазылу
Бұл туралы Астанада Қазақстан мен Тайланд сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтылды
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Таиланд премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Сихасак Пхуангкеткеомен кездесті.
© Sputnik / Санат ИмангалиевТайланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға ниетті
Главы МИД Таиланда и Казахстана Сихасак Пхуангкеткео и Ермек Кошербаев встретились в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Тайланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға ниетті
Кездесуде тараптар өзара сауданы кеңейту, экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық және дипломатиялық байланыс мәселесін талқылады.
© Sputnik / Санат ИмангалиевТайланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға ниетті
Главы МИД Таиланда и Казахстана Сихасак Пхуангкеткео и Ермек Кошербаев встретились в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Тайланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға ниетті
Сондай-ақ тараптар екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы 2026-2027 жылдарға арналған ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.
© Sputnik / Санат ИмангалиевТайланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға ниетті
Главы МИД Таиланда и Казахстана Сихасак Пхуангкеткео и Ермек Кошербаев подписали План сотрудничества на 2026-2027 годы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Тайланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға ниетті
Тайланд вице-премьері баспасөз мәслихатында елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 35 жыл толғанын атап өтті.
"Біз Қазақстанмен кең ауқымды салаларда - экономикамыз бен аймақтарды дамыту бағытында, сондай-ақ көпжақты деңгейде ынтымақтастықта жұмыс істей аламыз. Біз әріптестіктің үлкен әлеуетін көріп отырмыз және айқын көзқарасымыз бар. Біз АӨСШК және АСЕАН аясында бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Екі ел арасындағы сауда артып келеді, бірақ ілгерілеу үшін одан әрі күш салу керек. Біз Қазақстанды Орталық Азия аймағына шығатын маңызды қақпа ретінде қарастырамыз", - деді Тайланд сыртқы істер министрі.
Ол сондай-ақ Таиландтың Еуразиялық экономикалық комиссиямен келіссөздер жүргізіп, еркін сауда туралы келісімге қол қоюға ниетті екенін хабарлады. Сонымен қатар, министр бұл мәселеде Қазақстанның қолдауына үміт білдірді.
© Sputnik / Санат ИмангалиевТайланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға ниетті
Главы МИД Таиланда и Казахстана Сихасак Пхуангкеткео и Ермек Кошербаев провели брифинг для СМИ - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Тайланд ЕАЭО-мен еркін сауда туралы келісім жасасуға ниетті
"Біз Таиланд пен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы келіссөздерді бастауға зор мүдделіміз. Және Қазақстан Таиланд пен ЕАЭО арасындағы еркін сауда туралы келісімге қатысты диалогтың ашылуын қолдайды деп сенемін", - деді Тайланд СИМ.
Ермек Көшербаев Қазақстанның бұл бастаманы қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
"Дереу жауап берейін: біз қолдау көрсетуге дайынбыз", — деді Көшербаев.
Ол елімізден Таиландқа жыл сайын 200 мыңнан астам турист баратынын, осыған орай әуе рейстерінің санын көбейтіп, екі ел арасындағы логистикалық бағыттарды қолжеті еткісі келетінін айтты.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2026
"Қазақстандықтар жоқ": Таиландта қайық апатқа ұшырады
Жаңалықтар
0