https://sputnik.kz/20260625/sarbaz-erbayan-mukhtardyn-oliminen-keyin-tergeu-bastaldy---vitse-ministr-64425822.html
Сарбаз Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін тергеу басталды - вице-министр
Сарбаз Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін тергеу басталды - вице-министр
Sputnik Қазақстан
Оның айтуынша, қылмыстық істі тергеу нәтижесінде кінәлі адамдар жазаланады 25.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-25T12:57+0500
2026-06-25T12:57+0500
2026-06-25T13:00+0500
қорғаныс министрлігі
ұлттық ұлан
сарбаз
https://sputnik.kz/img/1234/66/12346667_0:159:3077:1889_1920x0_80_0_0_ddada22210e9a36951eaa4fa054254d7.jpg
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер вице-министрден Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.Оның айтуынша, қылмыстық істі тергеу нәтижесінде кінәлі адамдар жазаланады. Тәртіптік шаралар да қолданылады.Айта кетері, Ербаян Мұхтар қайтыс болғаннан кейін оның денесін сот-медициналық сараптамаға апарған. Сол кезде туыстары мен полицияның арасында жанжал болды.Еске сала кетейік, 2023 жылы Ербаян Мұхтар ауыр бас жарақатын алып, еңбекке жарамсыз болып қалған еді. Ұлттық ұлан өкілдері сарбаз дәретханада құлап, жарақат алғанын мәлімдеген болатын. Бірақ оның туыстары бұл уәжге сенбеді. Кейіннен сарбаздың жарақат алуына байланысты ведомствода ішкі тексерулер жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.Өз кезегінде денсаулық сақтау министрлігі Мұхтар Ербаян Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында және Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алғанын, 2024 жылдың тамызынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін отбасының қолдауымен Түркияда қалпына келтіру емінен өткенін хабарлады. Ол Қазақстанға оралғаннан кейін мамандардың бақылауында болды және үйде медициналық көмек алған.Алайда 2026 жылдың маусым айында негізгі ауыр сырқаттың аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамып, 2026 жылдың 23 маусымында сағат 21:40-та Ербаян Мұхтар қайтыс болды.
https://sputnik.kz/20260624/askeri-boryshyn-oteu-kezinde-zharaqat-algan-sarbaz-erbayan-mukhtar-qaytys-boldy-64383791.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1234/66/12346667_173:0:2902:2047_1920x0_80_0_0_90a06dbbc1ff406f3a24ed669425e225.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі, ұлттық ұлан, сарбаз
қорғаныс министрлігі, ұлттық ұлан, сарбаз
Сарбаз Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін тергеу басталды - вице-министр
12:57 25.06.2026 (жаңартылды: 13:00 25.06.2026) Оның айтуынша, қылмыстық істі тергеу нәтижесінде кінәлі адамдар жазаланады
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ербаян Мұхтардың өлімінен кейін тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенат отырысынан кейін журналистер вице-министрден Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
"Қорғаныс министрлігі бұл жағдайда шет қалған жоқ. Қазіргі кезде Ұлттық ұланның басқармасымен қандай жағдай болғаны жан-жақты тексеріліп, тергеліп жатыр. Ал қорғаныс министрлігі өз тарапынан қандай көмек керек, соның бәрін беріп жатыр", - деді Жазықбаев.
Оның айтуынша, қылмыстық істі тергеу нәтижесінде кінәлі адамдар жазаланады. Тәртіптік шаралар да қолданылады.
Айта кетері, Ербаян Мұхтар қайтыс болғаннан кейін оның денесін сот-медициналық сараптамаға апарған. Сол кезде туыстары мен полицияның арасында
жанжал болды.
Еске сала кетейік, 2023 жылы Ербаян Мұхтар ауыр бас жарақатын
алып, еңбекке жарамсыз болып қалған еді. Ұлттық ұлан өкілдері сарбаз дәретханада құлап, жарақат алғанын мәлімдеген болатын. Бірақ оның туыстары бұл уәжге сенбеді. Кейіннен сарбаздың жарақат алуына байланысты ведомствода ішкі тексерулер жүргізіліп, қылмыстық іс қозғалды.
Өз кезегінде денсаулық сақтау министрлігі Мұхтар Ербаян Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында және Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алғанын, 2024 жылдың тамызынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін отбасының қолдауымен Түркияда қалпына келтіру емінен өткенін хабарлады. Ол Қазақстанға оралғаннан кейін мамандардың бақылауында болды және үйде медициналық көмек алған.
Алайда 2026 жылдың маусым айында негізгі ауыр сырқаттың аясында инфекциялық асқынулар, сепсис және көп ағзалық жеткіліксіздік синдромы дамып, 2026 жылдың 23 маусымында сағат 21:40-та Ербаян Мұхтар қайтыс болды.