Қазақстан Қытайға тауар экспортын кеңейтуге дайын - Жұманғарин

© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Жазылу
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығында Қазақстан делегациясының қатысуымен IX-шы Қытай-Еуразия ЭКСПО көрмесі басталды
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин ҚХР мемлекеттік кеңесі премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу IX "Қытай-Еуразия" халықаралық көрмесінің аясында өтті.
Келіссөз барысында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

Вице-премьер Серик Жумангарин принял участие в IX Международной выставке "Китай – Евразия"
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстан экономикасына $30 млрд-қа жуық тікелей шетелдік инвестиция құйып, еліміздегі ірі инвесторлардың біріне айналды.
Көрме дәстүрлі түрде "Бір белдеу, бір жол" бастамасының негізгі халықаралық платформаларының бірі болып табылады. Ол Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын Қытайдағы ірі көліктік, логистикалық және сауда орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтады.

Вице-премьер Серик Жумангарин принял участие в IX Международной выставке "Китай – Евразия"
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Серік Жұманғарин екі мемлекет басшыларының стратегиялық өзара ынтымақтастық пен жеке сенімінің арқасында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шекаралық ынтымақтастық екіжақты сауданың негізгі қозғаушы күші болып қала беретінін атап өтті.
"Қазақстан үшін ШҰАР жақын көрші ғана емес, сонымен қатар Қытайдың ауқымды нарығына жол ашатын негізгі көліктік-логистикалық хаб болып табылады. Негізгі көлік артериялары Шыңжаң арқылы өтеді. Біз жоғары сапалы, экологиялық таза қазақстандық өнімдердің, соның ішінде ауыл шаруашылығы, азық-түлік, металлургия және химия тауарларының экспортын кеңейтуге дайынбыз", - деді Жұманғарин.
Вице-премьердің айтуынша, Үрімжідегі Экспо көрмесі биылғы жылы өнеркәсіптік ынтымақтастыққа, өзара инвестицияға және өндіріс тізбегін дамытуға тың серпін беретін жаңа бірлескен жобалардың бастау нүктесі болады.

Қазақстан Қытайға тауар экспортын кеңейтуге дайын - Жұманғарин
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Қытай Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсян халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, мәдени алмасуды ынталандырудың және технологиялық инновацияларды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Ол Қытайдың ғылым, білім және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, жаһандық сын-қатерлерді бірлесіп шешуге және тұрақты дамуға жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті.

Қазақстан Қытайға тауар экспортын кеңейтуге дайын - Жұманғарин
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Көрмеге 49 елдің, аймақтың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр. Іскерлік бағдарламада 80-нен астам іс-шара бар.

Қазақстан Қытайға тауар экспортын кеңейтуге дайын - Жұманғарин
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана
"Қазақстан" ұлттық павильоны 30-дан астам отандық компаниялардың өнімдерін ұсынды. Көрме 29 маусымға дейін жалғасады.
