https://sputnik.kz/20260625/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-25-mausym-64405861.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 маусым
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 маусым
Sputnik Қазақстан
25 маусымда не болғанын білесіз бе? 25.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-25T00:01+0500
2026-06-25T00:01+0500
2026-06-25T12:34+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
атаулы даталар
https://sputnik.kz/img/1057/93/10579305_47:0:2452:1353_1920x0_80_0_0_d78a43cbe38a4486af91242cca178ad2.jpg
Бұл күннің несміне есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.Ашура күні2026 жылы Ашура күні 25 маусымға келіп тұр. Мұхаррам айының оныншы жұлдызы "Ашура" күні деп аталады. "Ашура" араб тілінде он деген санды білдіреді, "ашара" сөзінен шыққан. Ашура күні ұстаған ораза бір жылдық күнәларға кәффарат делінген Құран кәрімде.25 маусымда қандай айтулы оқиға болдыЖыл сайын 25 маусымда бүкіл әлемдегі славян халқы Славяндардың достығы мен бірлігі күнін атап өтеді. Дүние жүзінде 300-350 миллиондай славян бар. Мереке славяндардың түп-тамыры бір, мәдениеті мен салт-дәстүрі ортақ екенін білдіреді. Жалпы, славяндар мына мемлекеттерде тұрады: Ресей, Словакия, Сербия, Болгария, Беларусь, Польша, Македония, Словения, Украина, Черногория, Хорватия, Чехия және т.б.Сонымен қатар бүгін – Халықаралық теңізші күні. Бұл мейрамды әлемдік экономикаға теңдессіз үлес қосып жатқан сауда флотының теңізшілері атап өтеді. Теңізші күні 2010 жылы Миландағы конференцияда қабылданды. Бұрын ежелден келе жатқан теңіз кәсібінің төл мерекесі жоқ еді. Көне заманнан бері мемлекеттер мен құрылықтар сауда кемелері арқылы өзара байланысады. Әлемдік сауданың 80 процентінен астамы сауда флоты арқылы жүргізіледі. Бұл салада бір жарым миллион теңізші қызмет етеді. Олардың мамандығы әскери болмаса да, қиын әрі қауіп-қатерге толы.Сонымен бірге бүгін – Дүниежүзілік витилиго күні. Витилиго (Ақтаңдақ) – тері ауруы: теріде, шашта, көздің торлы қабатында меланоциттер қызметі төмендеп немесе мүлдем жоғалған кезде ақ түсті дақтар пайда болады. Ауру кез келген жаста басталуы мүмкін, бірақ 70%-і жиырма жасқа толмаған адамдарда таралған. Витилигоның пайда болу себебі мен механизмі осы күнге дейін анықталмаған, сол себепті дерттің дауасы әлі табылған жоқ.25 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар1899 жылы Денвер газеттерінде Ұлы Қытай қорғанының бұзылатыны туралы хабар тарады;1946 жылы КСРО Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясына кірді;1950 жылы Корея соғысы басталды;1967 жылы бүкіл әлемде алғаш рет телебағдарлама тікелей эфирде көрсетілді. "Біздің әлем" бағдарламасы әлемнің 24 елінде көрсетіліп, 400 миллион көрермен The Beatles тобының All You Need Is Love әнін тыңдады;1998 жылы Windows 98 операциялық жүйесі ресми түрде шықты.25 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1916 жылы Қазақ және Түркістан өлкелерінен және ішінара Сібірден 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды майдандағы қара жұмысқа шақыру туралы орыс патшасының жарлығы шықты. Бұл қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына түрткі болды;1934 жылы академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды;1991 жылы "Қазақ КСР министрлер кабинеті туралы" заң қабылданды;1993 жылы Қазақстан мен Аргентина арасында дипломатиялық қарым-қатынас туралы хаттамаға қол қойылды;2010 жылы Алматыда "Ұлы Жібек жолы - 1000 жыл өткен соң" жобасы басталды;2011 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жақын жерде белгісіз діннің ғибадатханасы табылды.25 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар1903 жылы ұлыбританиялық жазушы және публицист Джордж Оруэлл дүниеге келді. "1984" антиутопиялық романы және "Мал қора" повесімен көпшілікке танымал;1946 жылы ағылшын рок музыканты, King Crimson және Foreigner тобында өнер көрсеткен Иэн Макдональд дүниеге келді;1963 жылы ағылшын поп әншісі әрі композиторы Джордж Майкл дүниеге келді;1975 жылы ресейлік шахматшы Владимир Крамник дүниеге келді.25 маусымда Қазақстанда кім туды1893 жылы қазақ ақыны, жазушы, педагог Мағжан Жұмабаев дүниеге келді;1943 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Алтын адам" сыйлығының иегері, Ресей мемлекеттік сыйлығының иегері Владимир Толоконников дүниеге келді;1952 жылы әскери қолбасшы, генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев дүниеге келді;1961 жылы кинорежиссер, продюсер, сценарист Тимур Бекмамбетов дүниеге келді;2004 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1057/93/10579305_348:0:2152:1353_1920x0_80_0_0_69c5e3d1887862995c9975b3925115d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, атаулы даталар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, атаулы даталар
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 маусым
00:01 25.06.2026 (жаңартылды: 12:34 25.06.2026) 25 маусымда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несміне есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
2026 жылы Ашура күні 25 маусымға келіп тұр. Мұхаррам айының оныншы жұлдызы "Ашура" күні деп аталады. "Ашура" араб тілінде он деген санды білдіреді, "ашара" сөзінен шыққан. Ашура күні ұстаған ораза бір жылдық күнәларға кәффарат делінген Құран кәрімде.
25 маусымда қандай айтулы оқиға болды
Жыл сайын 25 маусымда бүкіл әлемдегі славян халқы Славяндардың достығы мен бірлігі күнін атап өтеді. Дүние жүзінде 300-350 миллиондай славян бар. Мереке славяндардың түп-тамыры бір, мәдениеті мен салт-дәстүрі ортақ екенін білдіреді. Жалпы, славяндар мына мемлекеттерде тұрады: Ресей, Словакия, Сербия, Болгария, Беларусь, Польша, Македония, Словения, Украина, Черногория, Хорватия, Чехия және т.б.
Сонымен қатар бүгін – Халықаралық теңізші күні. Бұл мейрамды әлемдік экономикаға теңдессіз үлес қосып жатқан сауда флотының теңізшілері атап өтеді. Теңізші күні 2010 жылы Миландағы конференцияда қабылданды. Бұрын ежелден келе жатқан теңіз кәсібінің төл мерекесі жоқ еді. Көне заманнан бері мемлекеттер мен құрылықтар сауда кемелері арқылы өзара байланысады. Әлемдік сауданың 80 процентінен астамы сауда флоты арқылы жүргізіледі. Бұл салада бір жарым миллион теңізші қызмет етеді. Олардың мамандығы әскери болмаса да, қиын әрі қауіп-қатерге толы.
Сонымен бірге бүгін – Дүниежүзілік витилиго күні. Витилиго (Ақтаңдақ) – тері ауруы: теріде, шашта, көздің торлы қабатында меланоциттер қызметі төмендеп немесе мүлдем жоғалған кезде ақ түсті дақтар пайда болады. Ауру кез келген жаста басталуы мүмкін, бірақ 70%-і жиырма жасқа толмаған адамдарда таралған. Витилигоның пайда болу себебі мен механизмі осы күнге дейін анықталмаған, сол себепті дерттің дауасы әлі табылған жоқ.
25 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар
1899 жылы Денвер газеттерінде Ұлы Қытай қорғанының бұзылатыны туралы хабар тарады;
1946 жылы КСРО Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясына кірді;
1950 жылы Корея соғысы басталды;
1967 жылы бүкіл әлемде алғаш рет телебағдарлама тікелей эфирде көрсетілді. "Біздің әлем" бағдарламасы әлемнің 24 елінде көрсетіліп, 400 миллион көрермен The Beatles тобының All You Need Is Love әнін тыңдады;
1998 жылы Windows 98 операциялық жүйесі ресми түрде шықты.
25 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1916 жылы Қазақ және Түркістан өлкелерінен және ішінара Сібірден 19-43 жас аралығындағы ер азаматтарды майдандағы қара жұмысқа шақыру туралы орыс патшасының жарлығы шықты. Бұл қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына түрткі болды;
1934 жылы академик Ахмет Жұбановтың бастамасымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды;
1991 жылы "Қазақ КСР министрлер кабинеті туралы" заң қабылданды;
1993 жылы Қазақстан мен Аргентина арасында дипломатиялық қарым-қатынас туралы хаттамаға қол қойылды;
2010 жылы Алматыда "Ұлы Жібек жолы - 1000 жыл өткен соң" жобасы басталды;
2011 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жақын жерде белгісіз діннің ғибадатханасы табылды.
25 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар
1903 жылы ұлыбританиялық жазушы және публицист Джордж Оруэлл дүниеге келді. "1984" антиутопиялық романы және "Мал қора" повесімен көпшілікке танымал;
1946 жылы ағылшын рок музыканты, King Crimson және Foreigner тобында өнер көрсеткен Иэн Макдональд дүниеге келді;
1963 жылы ағылшын поп әншісі әрі композиторы Джордж Майкл дүниеге келді;
1975 жылы ресейлік шахматшы Владимир Крамник дүниеге келді.
25 маусымда Қазақстанда кім туды
1893 жылы қазақ ақыны, жазушы, педагог Мағжан Жұмабаев дүниеге келді;
1943 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Алтын адам" сыйлығының иегері, Ресей мемлекеттік сыйлығының иегері Владимир Толоконников дүниеге келді;
1952 жылы әскери қолбасшы, генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев дүниеге келді;
1961 жылы кинорежиссер, продюсер, сценарист Тимур Бекмамбетов дүниеге келді;
2004 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2026 жылғы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров дүниеге келді.