"Алматы-Қорғастағы" жол апаты: ауруханада тағы бір адам қайтыс болды

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту"Алматы-Қорғастағы" жол апаты: ауруханада тағы бір адам қайтыс болды
Алматы-Қорғастағы жол апаты: ауруханада тағы бір адам қайтыс болды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Жазылу
Тағы бір жолаушының жағдайы өте ауыр
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. "Алматы-Қорғас" тас жолында болған жол апаты кезінде зардап шеккен жолаушы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жантүршігерлік жол апаты 23 маусымда Шелек ауылына жақын жерде болған. Haval маркалы көлік жолдың қарсы бетіне шығып, Audi 100-бен бетпе-бет соқтығысқан. Audi жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орында қаза тапқан. Ал 7 адам аудандық ауруханаға жеткізілген болатын.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, зердап шеккен бір адам қажетті медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді. Ал бір жастағы бала облыстық ауруханаға ауыстырылды.
"Өкінішке қарай, зардап шеккен бір адам ауыр жарақаттардан қайтыс болды", - дейді дәрігерлер.
Қазіргі кезде аудандық аурухананың травматологиялық бөлімінде үш адам ем алып жатыр. Тағы біреуінің жағдайы өте ауыр, ол жансақтау бөлімінде, дейді дәрігерлер.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Алматы полициясында қызметтік тексеріс басталды
Жаңалықтар
0