Абай облысында сотталушы қамаудан қашып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинАбай облысында сотталушы қамаудан қашып кетті
Абай облысында сотталушы қамаудан қашып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Жазылу
Ол жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін жазаның өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылған
АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Абай облысында қамауға алынған сотталушы изолятордан қашып кеткен. Полиция оның ұсталғанын хабарлады.
Сотталушы осыдан бес жыл бұрын шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын. Биыл маусым айында жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзғаны үшін жазаның өтелмеген мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылған.
"Серуендеу кезінде сотталушы уақытша ұстау изоляторының аумағынан заңсыз шығып кеткен. Бірақ шұғыл іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде қызметтік тексеріс басталды. Сотталушының жаза мерзімі де ұзартылады.
Айта кетері, желіде тараған бағыттама бойынша 31 жастағы ер адам бұған дейін Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотталған болатын. Осы қылмыс үшін бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Девушка в наручниках, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2026
Қашып жүрген: 16 жыл бұрын сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды
Жаңалықтар
0