https://sputnik.kz/20260624/zheti-aleumettik-nysanga-zhalgan-tekhnikalyq-qadagalau-zhurgizgen-zhshs-basshysy-tergeuge-ilindi-64385772.html
Жеті әлеуметтік нысанға жалған техникалық қадағалау жүргізген ЖШС басшысы тергеуге алынды
Жеті әлеуметтік нысанға жалған техникалық қадағалау жүргізген ЖШС басшысы тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты 24.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-24T10:27+0500
2026-06-24T10:27+0500
2026-06-24T10:28+0500
абай облысы
тергеу амалдары
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "Восток Инжиниринг" ЖШС басшысына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.ЖШС 2020–2023 жылдар аралығында ШҚО мен Абай облысының аумағында орналасқан жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген.Компанияның міндетіне құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін, сапасын және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау нысандары мен жағалауды бекіту құрылыстарын салу кезінде нақты орындалған жұмыстарды растау кірген.Тінту барысында мөрлердің көшірмелері мен жалған актілер анықталды. Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты.ЖШС басшысы іздеуге жарияланды, соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
https://sputnik.kz/20260420/aqtobede-khalyqty-bes-zhyl-boyy-aldagan-lombard-basshysy-tergeuge-alyndy-62801505.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, тергеу амалдары, қылмыс
абай облысы, тергеу амалдары, қылмыс
Жеті әлеуметтік нысанға жалған техникалық қадағалау жүргізген ЖШС басшысы тергеуге алынды
10:27 24.06.2026 (жаңартылды: 10:28 24.06.2026) Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "Восток Инжиниринг" ЖШС басшысына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
ЖШС 2020–2023 жылдар аралығында ШҚО мен Абай облысының аумағында орналасқан жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген.
Компанияның міндетіне құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін, сапасын және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау нысандары мен жағалауды бекіту құрылыстарын салу кезінде нақты орындалған жұмыстарды растау кірген.
"Алайда көрсетілген қызметтер үшін төлем алғанына қарамастан, құрылысқа тиісті бақылау жүргізілмеген. Кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемдері туралы жалған мәліметтер қамтылған актілерге қол қойып отырған", - деп жазылған хабарламада.
Тінту барысында мөрлердің көшірмелері мен жалған актілер анықталды. Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты.
ЖШС басшысы іздеуге жарияланды, соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.