https://sputnik.kz/20260624/qazaqstan-bilim-muzzhargyshy-arktikalyq-ekspeditsiyasyna-qosyldy-64399028.html
Қазақстан "Білім мұзжарғышы" арктикалық экспедициясына қосылды
Қазақстан "Білім мұзжарғышы" арктикалық экспедициясына қосылды
Sputnik Қазақстан
Тамызда әлемнің 23 елінен жиналған оқушылар "Жеңіске – 50 жыл" атомдық мұзжарғышымен Солтүстік полюске аттанады 24.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-24T16:52+0500
2026-06-24T16:52+0500
2026-06-24T16:52+0500
ресей
оқушы
https://sputnik.kz/img/07e9/09/03/56774676_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_6723f45f6599f462470f9650d63dd503.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстандық мектеп оқушылары жетінші "Білім мұзжарғышы" арктикалық экспедициясына қосылды."Росатом" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, соңғы іріктеу процесі Ресейден 27 жеңімпазды анықтады және 22 мемлекетті қамтитын халықаралық байқаудың үздік қатысушыларын атады. Олар 2026 жылдың тамыз айында *50 Let Pobedy* атомдық мұзжарғыш кемемен Солтүстік полюске барады.Қазақстан экспедицияға қатысуға 945 өтінім беріп, көш бастады. Халықаралық кезеңге 22 елден 5000-ға жуық өтінім түскен. Іріктеу қорытындысы бойынша 22 халықаралық финалист – әр серіктес елден бір адам – ресейлік байқаудың жеңімпаздарымен бірге арктикалық экспедициядаға барады.Мұнда Қазақстаннан басқа Бангладеш, Беларусь, Бразилия, Венгрия және т.б. елдердің қатысушылары бар.Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 14-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар қатысады. Олардың ішіндегі ең үздіктері *50 Let Pobedy* ядролық мұзжарғыш кемесімен Солтүстік полюске ғылыми және білім беру экспедициясына аттанады.Конкурстық іріктеудің соңғы кезеңі "ғылыми спарринг" форматында өтті. Бір федералды округтің командалары негізгі ғылыми және технологиялық тақырыптар бойынша қарама-қарсы позицияларды қорғау үшін дәйекті дәлелдер ұсынды.Пікірталастың өзі екі кезеңнен тұрды: өз позициясын ұсыну және сұрақтарға жауап беру. "Білім мұзжарғышы" ғылыми және ақпараттық-түсіндіру жобасы "Росатом" мемлекеттік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ол жаратылыстану ғылымдары мен атом өнеркәсібі технологияларын кеңінен насихаттауға, дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, олардың қабілеттерін дамытуға және кәсіптік бағдар беруге бағытталған."Білім мұзжарғышы" жобасының алты маусымында "Росатомның" Солтүстік полюстегі арктикалық экспедицияларына әлем елдерінен 400-ден астам дарынды мектеп оқушылары қатысты.
https://sputnik.kz/20260514/bilimge-bastaytyn-muzzhargysh-zhobasyna-khalyqaralyq-irikteu-bastaldy-63430123.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/03/56774676_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_23ad135579fb718c1cafcc133bd05031.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, оқушы
Қазақстан "Білім мұзжарғышы" арктикалық экспедициясына қосылды
Тамызда әлемнің 23 елінен жиналған оқушылар "Жеңіске – 50 жыл" атомдық мұзжарғышымен Солтүстік полюске аттанады
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстандық мектеп оқушылары жетінші "Білім мұзжарғышы" арктикалық экспедициясына қосылды.
"Росатом" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, соңғы іріктеу процесі Ресейден 27 жеңімпазды анықтады және 22 мемлекетті қамтитын халықаралық байқаудың үздік қатысушыларын атады. Олар 2026 жылдың тамыз айында *50 Let Pobedy* атомдық мұзжарғыш кемемен Солтүстік полюске барады.
Қазақстан экспедицияға қатысуға 945 өтінім беріп, көш бастады. Халықаралық кезеңге 22 елден 5000-ға жуық өтінім түскен. Іріктеу қорытындысы бойынша 22 халықаралық финалист – әр серіктес елден бір адам – ресейлік байқаудың жеңімпаздарымен бірге арктикалық экспедициядаға барады.
Мұнда Қазақстаннан басқа Бангладеш, Беларусь, Бразилия, Венгрия және т.б. елдердің қатысушылары бар.
Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 14-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар қатысады. Олардың ішіндегі ең үздіктері *50 Let Pobedy* ядролық мұзжарғыш кемесімен Солтүстік полюске ғылыми және білім беру экспедициясына аттанады.
Конкурстық іріктеудің соңғы кезеңі "ғылыми спарринг" форматында өтті. Бір федералды округтің командалары негізгі ғылыми және технологиялық тақырыптар бойынша қарама-қарсы позицияларды қорғау үшін дәйекті дәлелдер ұсынды.
Пікірталастың өзі екі кезеңнен тұрды: өз позициясын ұсыну және сұрақтарға жауап беру.
"Арктикада ортақ мақсат үшін жұмыстанған команда жетістікке жетеді. "Білім мұзжарғышы" финалдық кезеңінің түпкі ойы да осы болды. *50 Let Pobedy* атомдық мұзжарғышы осы жазда Солтүстік полюстен жарқын естеліктермен ғана емес, ұлы істер ынтымақтастықтың арқасында жасалатынын нық түсініп оралады", - деп атап өтті қазылар алқасының мүшесі Марина Старовойтова.
"Білім мұзжарғышы" ғылыми және ақпараттық-түсіндіру жобасы "Росатом" мемлекеттік корпорациясының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ол жаратылыстану ғылымдары мен атом өнеркәсібі технологияларын кеңінен насихаттауға, дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, олардың қабілеттерін дамытуға және кәсіптік бағдар беруге бағытталған.
"Білім мұзжарғышы" жобасының алты маусымында "Росатомның" Солтүстік полюстегі арктикалық экспедицияларына әлем елдерінен 400-ден астам дарынды мектеп оқушылары қатысты.