https://sputnik.kz/20260624/putin-rossiya-segodnya-mediatobyn-mereytoyymen-quttyqtady-64383253.html
Путин "Россия сегодня" медиатобын мерейтойымен құттықтады
Путин "Россия сегодня" медиатобын мерейтойымен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Агенттік қызметкерлері оның бай тарихымен мақтана алады, деді ресейлік президент 24.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-24T09:03+0500
2026-06-24T09:03+0500
2026-06-24T09:03+0500
ресей
құттықтау
президент
https://sputnik.kz/img/07ea/06/18/64378350_40:376:2875:1971_1920x0_80_0_0_588acf45ac43fd03614b09d8c0ebe894.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің қызметкерлері мен ардагерлеріне "Кеңестік ақпарат бюросының" 85 жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды РИА Новости.Путин агенттік қызметкерлері оның бай тарихымен және ең қиын жағдайларда өздерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары деңгейдегі шеберлік деңгейін көрсеткен танымал журналистермен мақтанатынын айтты."Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің қазіргі командасының өзінен бұрынғылардың тамаша шығармашылық дәстүрлерін мақтанышпен жалғастырып, отандық және әлемдік медиа нарығының танылған көшбасшыларының бірі ретіндегі өз орнын сенімді түрде сақтап отырғаны қуантады. "Сіздер миллиондаған аудиторияны өзекті жаңалықтармен қамтамасыз етесіздер, оқиғалардың барысын бақылап отырасыздар, заманауи, новаторлық стратегиялар мен технологияларға сүйенесіздер және талантты жаңа буынның кәсіби дамуына талмай көңіл бөлесіздер", - деді Путин.Ол сондай-ақ ұжымға табыс пен жетістік тіледі.Сонымен қатар агенттікті мерейтойымен Ресей Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко да құттықтады."Бұл дата"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің тарихындағы маңызды кезең ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел өміріндегі маңызды оқиға. Сіздер қазіргі көріністі қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар көпұлтты қоғамымыздың рухани бірлігін құруға және нығайтуға, Ресейдің әлемдегі беделін қолдауға атсалысасыздар", - деді Матвиенко.Айта кетері, осы мерейлі датаға орай "Россия сегодня" "Кеңестік ақпарат бюросының 85 жылдығы" атты ауқымды фотокөрмені ашады. Көрмені медиатоп Ресей сыртқы істер министрлігінің қолдауымен дайындады. Ол шетелдегі Ресей дипломатиялық өкілдіктерінде де таныстырылады.Осы орайда "Россия сегодня" медиатобының бас директоры Дмитрий Киселев та құттықтау сөз арнады.
https://sputnik.kz/20260608/dmitriy-kiselev-tefi-2026-ulttyq-televiziyalyq-syylygynyn-laureaty-atandy-64001363.html
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/18/64378350_316:348:2544:2019_1920x0_80_0_0_b9c2d8c4193f40e93fcd6568bb66c715.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, құттықтау, президент
ресей, құттықтау, президент
Путин "Россия сегодня" медиатобын мерейтойымен құттықтады
Агенттік қызметкерлері оның бай тарихымен мақтана алады, деді ресейлік президент
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің қызметкерлері мен ардагерлеріне "Кеңестік ақпарат бюросының" 85 жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Құрметті достар! Сіздерді осы маңызды және айтулы күнмен – "Россия Сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің 85 жылдығымен құттықтаймын", - деп жазды Путин.
Путин агенттік қызметкерлері оның бай тарихымен және ең қиын жағдайларда өздерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып, жоғары деңгейдегі шеберлік деңгейін көрсеткен танымал журналистермен мақтанатынын айтты.
"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің қазіргі командасының өзінен бұрынғылардың тамаша шығармашылық дәстүрлерін мақтанышпен жалғастырып, отандық және әлемдік медиа нарығының танылған көшбасшыларының бірі ретіндегі өз орнын сенімді түрде сақтап отырғаны қуантады. "Сіздер миллиондаған аудиторияны өзекті жаңалықтармен қамтамасыз етесіздер, оқиғалардың барысын бақылап отырасыздар, заманауи, новаторлық стратегиялар мен технологияларға сүйенесіздер және талантты жаңа буынның кәсіби дамуына талмай көңіл бөлесіздер", - деді Путин.
Ол сондай-ақ ұжымға табыс пен жетістік тіледі.
Сонымен қатар агенттікті мерейтойымен Ресей Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко да құттықтады.
"Бұл дата"Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің тарихындағы маңызды кезең ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел өміріндегі маңызды оқиға. Сіздер қазіргі көріністі қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар көпұлтты қоғамымыздың рухани бірлігін құруға және нығайтуға, Ресейдің әлемдегі беделін қолдауға атсалысасыздар", - деді Матвиенко.
Айта кетері, осы мерейлі датаға орай "Россия сегодня" "Кеңестік ақпарат бюросының 85 жылдығы" атты ауқымды фотокөрмені ашады. Көрмені медиатоп Ресей сыртқы істер министрлігінің қолдауымен дайындады. Ол шетелдегі Ресей дипломатиялық өкілдіктерінде де таныстырылады.
Осы орайда "Россия сегодня" медиатобының бас директоры Дмитрий Киселев та құттықтау сөз арнады.
"Біз – "Россия сегодня" медиатобы, РИА Новости және Sputnik агенттіктері – сол "Кеңестік ақпарат бюросының" тікелей мұрагерлеріміз. Кеңес сарбаздарымен бірге соғыс жолдарын жүріп өтіп, Ұлы Жеңіске қарай әрбір қадамды құжаттаған әскери тілшілердің дәстүрлері біз үшін бос сөз емес. Бүгінде біздің әскери тілшілеріміз 85 жыл бұрынғы даңқты ізбасарлары сияқты әлем шындықты көруі үшін өмірлерін қатерге тігіп, майдан шебінде жұмыс істейді. Бұл көрме – тарихты жасағандар және бүгін де жасап жатқан азаматтарған деген құрметіміз", – депді Киселев.