Чайлдфри ұстанымы: мүфтият баласыз өмірге қатысты үкім шығарды

© Photo : JupiluМама с ребенком
Мама с ребенком - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Жазылу
Мүфтияттың айтуынша, саналы түрде балалы болудан бас тарту шариғат тұрғысынан құпталмайды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "чайлдфри", яғни баласыз өмірге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап.
Чайлдфри – бұл саналы түрде балалы болудан бас тартуды насихаттайтын субмәдениет. Осының иделогиясы бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
"Бұл көзқарасты жақтаушылар балаларды жек көрмейді. Алайда олар көбіне бала тәрбиесіне жұмсалатын шығындардан қашуды, қосымша жауапкершілікті мойнына алмауды, жеке еркіндік пен кәсіби дамуды алдыңғы орынға қоюды, сондай-ақ "менің денем – менің құқығым" деген идеологияны негізгі себеп ретінде алға тартады. Ал саналы түрде балалы болудан бас тарту шариғат тұрғысынан құпталмайды", - делінген мүфтияттың ресми мәлімдемесінде.
Осы орайда діни басқарма мамандары бірнеше нақты дәлелді де келтірді. Олар:
1.
Бұл идеология адам болмысына (фитрасына) қайшы, үйлену және ұрпақ сүю – табиғи құбылыс;
2.
Неке қию – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті.
Оның негізгі мақсаттарының бірі – адамзат тегінің сақталуы мен ұрпақтың жалғасуы.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Сені жақсы көретін әрі көп бала туатын әйелге үйленіңдер. Өйткені мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмбетке мақтанамын", – деген. Исламда балалы болу – ерлі-зайыптыларға ортақ құқық. Сондықтан олардың бірі бала сүюді қаласа, екінші тарап оған тыйым сала алмайды.
"Тек бала тәрбиесіне дайындалу немесе денсаулықты қалпына келтіру сынды орынды себептермен жүктілікті уақытша кейінге қалдыруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болуы және қолданылатын тәсілдердің денсаулыққа зиян келтірмеуі шарт. Ал тек жауапкершіліктен қашу немесе кедейліктен қорқып жүктіліктен әдейі бас тарту шариғатта құпталмайды", - дейді мүфтият мамандары.
Сондай-ақ ұрпақсыздыққа әкелетін және жүктілікті біржолата болдырмайтын кез келген тәсілдер шариғатта харам болып саналады.
Никаб - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2025
Мүфтият ниқабқа тыйым салуға қатысты өз ұстанымын жариялады
Жаңалықтар
0