Қос палаталы парламенттің соңғы отырысы өтеді

© Photo : АкордаВ парламенте Токаев выступил с посланием народу Казахстана
В парламенте Токаев выступил с посланием народу Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Жазылу
Бұл тарихи жиыннан кейін, қос палата өз жұмысын толық аяқтап, Қазақстанда бір палаталы парламент - Құрылтай өз жұмысына кіріседі
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. 26 маусымда Астанада екі палаталы парламенттің соңғы отырысы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-ші тармақшасына сәйкес Қазақстан Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", – делінген өкімде.
Ал 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді. Оған сәйкес, қыркүйектен бастап Қазақстанда бір палаталы парламент - Құрылтай өз жұмысына кіріседі.
Оған дейін Құрылтай депутаттары сайланады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Тоқаев президент, Құрылтай және Халық кеңесі туралы жаңа заңдарға қол қойды
Жаңалықтар
0