Қазақстан шілдеге дейін елге қызанақ әкелуге тыйым салды

© Sputnik / Санат ИмангалиевҚызанақ
Қызанақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Жазылу
Министрлік бұған дейін үшінші елдерден және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден бидай импортына тыйым салу ниетін жариялаған болатын
АСТАНА, 23 маусым - Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі жаңа бұйрық жариялады.
22 маусымдағы құжатта елге қызанақ импортына 30 маусымға дейін тыйым салынады. ЕАЭО мүше мемлекеттері ерекшелік болып табылады.

"ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импортталатын қызанақтарды, Қазақстан арқылы қызанақтарды транзиттік тасымалдауды және оларды бір ЕАЭО мүше мемлекетінен екінші ЕАЭО мүше мемлекетіне Қазақстан арқылы тасымалдауды қоспағанда, 2026 жылдың 30 маусымына дейін үшінші елдерден барлық көлік түрімен жаңа піскен немесе салқындатылған қызанақтарды Қазақстанға әкелуге тыйым салынсын", - делінген бұйрықта.

Министрлік бұған дейін үшінші елдерден және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден бидай импортына тыйым салу ниетін жариялаған болатын. Тыйым мерзімі - алты ай.
Қызанақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2026
Ресей Қазақстаннан қызанақ сатып алуды екі есеге арттырды
Жаңалықтар
0