https://sputnik.kz/20260623/mas-kuyinde-ustalgan-zhurgizushilerge-raqymshylyq-zhasala-ma---ministr-zhauaby-64362525.html
Мас күйінде ұсталған жүргізушілерге рақымшылық жасала ма - министр жауабы
Мас күйінде ұсталған жүргізушілерге рақымшылық жасала ма - министр жауабы
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, рөлге сау күйінде отыру көлік жүргізу мәдениетінің негізгі ұстанымына айналуы қажет 23.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-23T15:03+0500
2026-06-23T15:03+0500
2026-06-23T15:03+0500
жүргізуші
айыппұл
министрлік
https://sputnik.kz/img/1438/62/14386258_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_f89ff37dd6213644c18139120c7cab6f.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әкімшілік рақымшылық аясында мас күйінде ұсталған көлік жүргізушілерге жеңілдік жасауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық өткізіледі. Соның аясында мас күйінде ұсталған көлік жүргізушілерді куәліктен айыру мерзімін қысқартуға да ұсыныс жасалған. Министр осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.Министрдің айтуынша, рөлге сау күйінде отыру көлік жүргізу мәдениетінің негізгі ұстанымына айналуы қажет."Мәселен, Қытайда ондай жол апаттарында адам қаза тапса, өлім жазасы да қарастырылған. Ал АҚШ-та көлікті мас күйінде жүргізгені үшін өмір бойына куәліктен айыруы мүмкін", - деді Сәденов.
https://sputnik.kz/20260603/akimshilik-raqymshylyq-ayyppuldar-qalay-esepten-shygarylady-63904575.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1438/62/14386258_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_57ddc27b0cb6f74ea0bfeda7277d63f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүргізуші, айыппұл, министрлік
жүргізуші, айыппұл, министрлік
Мас күйінде ұсталған жүргізушілерге рақымшылық жасала ма - министр жауабы
Министрдің айтуынша, рөлге сау күйінде отыру көлік жүргізу мәдениетінің негізгі ұстанымына айналуы қажет
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әкімшілік рақымшылық аясында мас күйінде ұсталған көлік жүргізушілерге жеңілдік жасауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық өткізіледі. Соның аясында мас күйінде ұсталған көлік жүргізушілерді куәліктен айыру мерзімін қысқартуға да ұсыныс жасалған. Министр осы мәселеге қатысты өз ойын айтты.
"Мерзімдерді қысқарту мас күйінде көлік жүргізуді қолдаумен бірдей. Жеңілдік беру ондай "қаһармандарға" еркіндік беру деген сөз. Ал біздің міндетіміз - ондай фактілерді жою және санада ымырасыз әрі қатаң ұстанымды қалыптастыру", - деді Сәденов
Polisia.kz порталында жарияланған сұхбатында.
Министрдің айтуынша, рөлге сау күйінде отыру көлік жүргізу мәдениетінің негізгі ұстанымына айналуы қажет.
"Мәселен, Қытайда ондай жол апаттарында адам қаза тапса, өлім жазасы да қарастырылған. Ал АҚШ-та көлікті мас күйінде жүргізгені үшін өмір бойына куәліктен айыруы мүмкін", - деді Сәденов.