https://sputnik.kz/20260623/bul-aqyrgy-shara-ministr-balany-otbasynan-alyp-qoyu-zhagdayy-turaly--64356555.html
"Бұл ақырғы шара": министр баланы отбасынан алып қою жағдайы туралы
"Бұл ақырғы шара": министр баланы отбасынан алып қою жағдайы туралы
Sputnik Қазақстан
Ата-аналардың "қылмыстық" сипаттағы қарым-қатынасынан кейін басқа амал қалмайды 23.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-23T12:26+0500
2026-06-23T12:26+0500
2026-06-23T13:02+0500
министрлік
бала
қылмыс
https://sputnik.kz/img/632/41/6324195_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_265c3091c33ad09c98345f3bd74a5f48.jpg
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ердан Сәденов полиция баланы қандай жағдайда отбасыдан алып қоя алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгінде құқық бұзушылықтар туралы кез келген ақпарат жан-жақты тексеріліп отырады. Оған қоса, жалған ақпарат үшін жауапкершілік бар. Ал балаларға қатысты құқық бұзушылықтар қатаң бақылауға алынады.Министрдің айтуынша, ондайда бөтен адамдар полицияға жиі хабар беріп отырады. Мәселен, Жетісу облысының тұрғындары соққыға жығылған қызды видеоға түсіріп, полцияға жіберген. Бала анасымен бірге ауруханаға түсті. Сөйтсе, оны туған әкесі өлімші етіп сабаған. Ер адам сотталды.
https://sputnik.kz/20260618/ata-anasy-zhaqsy-turady-ministr-sabiimen-kurer-bolgan-kelinshektin-otbasy-turaly-aytty--64206103.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/632/41/6324195_117:0:1824:1280_1920x0_80_0_0_53bf7fa0dbe273e616724c2d9b825045.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, бала, қылмыс
"Бұл ақырғы шара": министр баланы отбасынан алып қою жағдайы туралы
12:26 23.06.2026 (жаңартылды: 13:02 23.06.2026) Ата-аналардың "қылмыстық" сипаттағы қарым-қатынасынан кейін басқа амал қалмайды
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ердан Сәденов полиция баланы қандай жағдайда отбасыдан алып қоя алатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгінде құқық бұзушылықтар туралы кез келген ақпарат жан-жақты тексеріліп отырады. Оған қоса, жалған ақпарат үшін жауапкершілік бар. Ал балаларға қатысты құқық бұзушылықтар қатаң бақылауға алынады.
"Балаларды отбасыдан алып қою - бұл ақырғы шара. Оны заңсыз әрекеттің болғанына нақты көз жеткізгеннен кейін ғана қолданады. Біздің жұмысымызда ондай мысалдар көп. Ата-аналардың "қылмыстық" сипаттағы қарым-қатынасынан кейін басқа амал қалмайды. Биыл Шымкентте бір әйелді бес жылға соттады. Ол өз балаларының бетіне үтік басқан. Өкінішке қарай, туыстардың бәрі бірдей ондай фактілер туралы арыз түсірмейді", - деді Сәденов Polisia.kz порталында жарияланған сұхбатында.
Министрдің айтуынша, ондайда бөтен адамдар полицияға жиі хабар беріп отырады. Мәселен, Жетісу облысының тұрғындары соққыға жығылған қызды видеоға түсіріп, полцияға жіберген. Бала анасымен бірге ауруханаға түсті. Сөйтсе, оны туған әкесі өлімші етіп сабаған. Ер адам сотталды.