Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 маусым

© Sputnik23 маусым - күнтізбе
23 маусым - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Жазылу
23 маусым мамырда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

23 маусымда қандай атаулы оқиға болды

Бүгін әлемде Халықаралық Олимпиада күні аталып өтеді. Олимпиада қозғалысына арналған мереке құру туралы алғашқы идея 1947 жылы Стокгольмде Халықаралық Олимпиада комитетінің 41-сессиясында айтылды, ал бір жылдан кейін, Санкт-Мориц қаласында ХОК-тың 42-сессиясында бұл жоба ресми түрде мақұлданды. Бұл мерекенің датасын таңдауға тарихи оқиға себеп болды. 1894 жылы Парижде дене тәрбиесі проблемалары жөнінде халықаралық конгресс өтті. Оған 12 елдің өкілдері қатысты. Олимпиадалық қозғалыстың жандануына ынталы болған Барон Пьер де Кубертен 23 маусымда баяндама жасап, Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылық негіздері әзірленетінін жариялады.
Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік қызметші күні аталып өтеді. Мереке ресми түрде 2013 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен бекітілді және Халықаралық мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған.

Сонымен қатар бүгін - Қазақстан полициясының күні. 1992 жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы кеңесі "Қазақстанның ішкі істер органдары туралы" заң қабылдады. 2007 жылы мемлекет басшысының жарлығымен 23 маусым Полиция күні болып ресми түрде бекітілді. Бұл күні, әдетте, ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі дәрежедегі ордендермен марапатталады. Ішкі істер органдарының жеке құрамын мемлекет басшысы құттықтайды.
Бүгін - Халықаралық жесірлер күні. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2010 жылы бекітті, алғаш рет 2011 жылы аталып өтті. Мереке жесірлер мен олардың балаларының жағдайына назар аударуды көздейді. Осындай датаны бекітуге 2005 жылы Loomba қоры бастамашы болды. Қор басшысының анасы 37 жасында жесір қалып, жеті баланы өзі тәрбиелеп, өсірген.
Бүгін сондай-ақ Ресейде Балалайка күні аталып өтеді. Ресей музыкант-халықшылдары клубының президенті Белинский барлық орындаушы мен халық әнін, ұлттық аспаптарды ұнататын музыка сүйер қауымды біріктіретін осындай мереке құруға ұсыныс жасады. Бұл күнді кездейсоқ таңдап алмаған – бұл аспап 1688 жылдың 23 маусымында алғаш рет ресми құжатта сөз болды. Ол 2008 жылдан бастап тойланып келеді.

23 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1860 жылы Америка Құрама Штаттарының құпия қызметі құрылды;
1868 жылы Кристофер Лэтем Шоулз баспа машинкасын патенттеді. Оның пернетақтасы рояльды еске түсірді. Ол тек үлкен әріптермен басып шығаратын болған, сондай-ақ қағаз планшеттің астында орналасқандықтан машинист жұмыс нәтижесін көре алмайтын;
1894 жылы Халықаралық атлетикалық конгресс Пьер де Кубертеннің ежелгі Грекия Олимпиадасының дәстүрін жаңғырту туралы ұсынысын мақұлдады;
1944 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Багратион операциясы басталды;
1998 жылы әлемде алғаш рет адам миының жасушалары трансплантацияланды.

23 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1995 жылы Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында аталып өтті;
2006 жылы Өскеменде қарағандылық ғалым Александр Борисенко технологиялық газдарды тазартатын бірегей қондырғыны таныстырды, ол зиянды өндірістік қалдықтарды тазартып қана қоймай, олардан пайдалы заттар алады;
2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында фармацевтикалық кластер құрылды;
2015 жылы Алматыда Қазақстандағы алғашқы Аутизммен ауыратын балаларға арналған орталық ашылды;
2018 жылы Петропавлда жеке қаражат есебінен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды.

23 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар

1889 жылы орыс ақыны, аудармашы және әдебиеттанушы, XX ғасырдағы орыс әдебиетінің ең көрнекті тұлғаларының бірі Анна Ахматова дүниеге келді;
1910 жылы француз драматургі Жан Ануй дүниеге келді;
1957 жылы америкалық актриса, "Оскар" жүлдесінің иегері Фрэнсис Макдорманд дүниеге келді;
1972 жылы француз футболшысы, үш рет әлемнің үздік ойыншысы атанған (1998, 2000, 2003) Зинедин Зидан дүниеге келді.

23 маусымда Қазақстанда кім туды

1933 жылы кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асылбек Нұғыманов дүниеге келді;
1941 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Платиналы Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты Есмұхан Обаев дүниеге келді;
1984 жылы мемлекеттік қызметші, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков (2024 жылдың қазанында тағайындалды) дүниеге келді.
Жаңалықтар
0