Вьетнам мен Габоннан оралған екі алматылықтан безгек анықталды
17:10 23.06.2026 (жаңартылды: 18:08 23.06.2026)

© Photo : Пресс-служба акима Астаны
Жазылу
Мамандар қазақстандықтарға тропикалық елдерге саяхаттау кезінде сақ болуды ескертті
АЛМАТЫ, 23 маусым - Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері 4 адам безгекпен ауырды, деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Орталық мамандары қазақстандықтарға тропикалық елдерге саяхаттау кезінде сақ болуды ескертті.

"Жыл басынан бері төрт адам безгекпен ауырды. Тек соңғы аптада екі адамнан безгек анықталды, оның бірі Габонға іссапармен барған, ал екіншісі Вьетнамға барып демалып қайтқан", - дейді орталық.
Науқастарға безгектің екі түрлі диагнозы қойылған — тропикалық және үш күндік. Ең қауіптісі - тропикалық безгек. Уақтылы емделмесе, ауру асқынып, ми, бауыр, бүйрек және тыныс алу жүйесі зақымданады. Тіпті арты өлімге әкеп соғуы мүмкін, дейді дәрігерлер.
Айтуларынша, үш күндік безгек әдетте жеңілірек болады, бірақ оның өзіндік ерекшелігі бар. Қоздырғыш организмде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, сондықтан ауру инфекциядан бірнеше ай өткен соң қайта пайда болады.

"Ем алып жатқан науқастардың диагнозы зертханалық расталған, олар ауруханада ем алып жатыр. Мамандар эпидемияға қарсы іс-шаралардың қажетті кешенін жүргізіп жатыр", - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы.
Айта кетейік, қазіргі заманғы медицинаның дамуына қарамастан, безгек әлемдегі ең көп таралған паразиттік инфекциялардың бірі. Ол 80-нен астам елде, негізінен Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда, сондай-ақ Латын Америкасының жекелеген елдерінде кездеседі.
Безгек Anopheles тұқымдас масалар шаққанда жұғады. Бұл ауру қол алысу, ыдыс-аяқ, тамақ, су немесе ауа тамшылары арқылы берілмейді. Инфекцияның халық арасында одан әрі таралу қаупі жоқ. Тек безгек жұқтырған маса шаққанда ғана адам безгекке шалдығады.
Безгекпен ауыратын елдерге баратын саяхатшылар маман кеңесін алу керек, дейді орталық мамандары. Әсіресе масадан сақтаныңыз, ұзын жеңді киім мен шалбар киіңіз. Москит торларын және фумигаторларды қолданыңыз, мүмкіндігінше масалар ең белсенді кешке және түнде ашық ауада болуды шектеңіз.
Безгектің белгілері: дене қызуы көтеріліп, адам қалтырайды. Өте әлсіреп, бас ауырады. Басқа белгілер сапардан бірнеше күн өткен соң да, бірнеше аптадан кейін де пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек және дәрігерге жақында шетелде болғандығы туралы хабарлау қажет.