Air Astana мен Airbus 50-ге дейін ұшақ жеткізу туралы келісімге қол қойды

© Photo : Авиакомпания Air AstanaAir Astana мен Airbus 50-ге дейін ұшақ жеткізу туралы келісімге қол қойды
Air Astana мен Airbus 50-ге дейін ұшақ жеткізу туралы келісімге қол қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Жазылу
Келісімге Тоқаевтың Еуроодақ астанасына ресми сапары аясында қол қойылды
АСТАНА, 23 маусым – Sputnik. Тоқаевтың сапары барысында Брюссельде Air Astana мен Airbus 50-ге дейін ұшақ жеткізу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен мәлімдеді.
"Бүгін біз көлік байланысы, инновациялар және елдер (ЕО мен Қазақстан) арасындағы экономикалық байланыстарға қатысты төрт маңызды келісімге қол қойдық", - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Фон дер Лейеннің айтуынша, бұл Транскаспий көлік дәлізінің учаскелерін жаңғыртуға 150 миллион еуро несие алуды, Астанада маңызды материалдарға арналған ғылыми-зерттеу зертханасын құру туралы меморандумды, сондай-ақ әуе қозғалысы құқықтарын үйлестіретін авиациялық келісімді және әуе кемелерін жеткізу туралы келісімді қамтиды.
© Photo : Пресс-служба АО "Самрук-Казына"Air Astana мен Airbus 50-ге дейін ұшақ жеткізу туралы келісімге қол қойды
Развитие сотрудничества в авиационной отрасли обсудили АО Самрук-Қазына и Airbus - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Air Astana мен Airbus 50-ге дейін ұшақ жеткізу туралы келісімге қол қойды
"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов пен Airbus-тың Еуропадағы президенті Йохан Пелиссиер "Эйр Астана" авиапаркін Airbus A320neo отбасылық ұшақтарымен ұлғайту, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа, Азия және Таяу Шығысты байланыстыратын авиациялық хаб ретіндегі ұстанымын нығайту мәселелерін талқылады.
"Эйр Астана 2006 жылдан бері Airbus ұшақтарын пайдаланады және Қазақстандағы ұшақтардың осы түрін жоспарлы түрде пайдаланатын жалғыз авиакомпания болып қала береді", - деп хабарлады қор.
© Photo : Пресс-служба АО "Самрук-Казына"Air Astana мен Airbus 50-ге дейін ұшақ жеткізу туралы келісімге қол қойды
Развитие сотрудничества в авиационной отрасли обсудили АО Самрук-Қазына и Airbus - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2026
Air Astana мен Airbus 50-ге дейін ұшақ жеткізу туралы келісімге қол қойды
Айта кету керек, Airbus SE – ең ірі еуропалық аэроғарыштық корпорация. Ол азаматтық авиация, тікұшақ өндірісі, ғарыштық технологиялар және қорғаныс өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшы компания.
Airbus әуе кемелерінің  бағдарламалық жаңартуы толық аяқталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2025
Airbus әуе кемелерінің бағдарламалық жаңартуы толық аяқталды
Жаңалықтар
0