https://sputnik.kz/20260622/zelenskiy-askeri-shygyndardy-ulgaytu-turaly-zanga-qol-qoydy-64338456.html
Зеленский әскери шығындарды ұлғайту туралы заңға қол қойды
Зеленский әскери шығындарды ұлғайту туралы заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
Украинаның Қаржы министрлігі Рада әскери бюджет шығыстарын 35,2 млрд долларға ұлғайтуды бірінші оқылымда мақұлдағанын хабарлады 22.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-22T22:50+0500
2026-06-22T22:50+0500
2026-06-22T22:50+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_0:0:3079:1731_1920x0_80_0_0_3ca1ad9db270461161c534867ea198c7.jpg
АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Владимир Зеленский Украинаның 2026 жылға арналған әскери бюджетінің шығыстарын ұлғайту туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Жоғарғы Рада сайтында.Бұл туралы РИА новости жазды.10 маусымда Жоғарғы Раданың депутаты Нина Южанина Украина парламенті елдің 2026 жылға арналған әскери бюджетінің шығыстарын ұлғайтуды мақұлдағанын хабарлады. Мамыр айының соңында Украинаның Қаржы министрлігі Рада әскери бюджет шығыстарын 35,2 млрд долларға ұлғайтуды бірінші оқылымда мақұлдағанын хабарлады.Парламент сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, биылғы мемлекеттік бюджет туралы заңға Украина қарулы күштерін қаржыландыруға қатысты өзгертулер енгізу туралы құжат Зеленскийдің қолтаңбасымен қайтарылды.Украинаның 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджетіндегі жоспарланған тапшылық 45 миллиард шамасында (шамамен 1,9 триллион гривен) бекітілді. Бұл қаржы негізінен қорғанысқа жұмсалады. Тапшылықты жабу үшін ел толығымен халықаралық серіктестердің қаржылық көмегіне, соның ішінде Батыстың көмегіне үміт артады.
https://sputnik.kz/20260622/peskov-putin-men-lukashenko-zelenskiydin-belaruske-zhasagan-malimdemesin-talqylaydy-64336709.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_14:0:2745:2048_1920x0_80_0_0_58fcf8df660b8006f852a809039b1a2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский әскери шығындарды ұлғайту туралы заңға қол қойды
Украинаның Қаржы министрлігі Рада әскери бюджет шығыстарын 35,2 млрд долларға ұлғайтуды бірінші оқылымда мақұлдағанын хабарлады
АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Владимир Зеленский Украинаның 2026 жылға арналған әскери бюджетінің шығыстарын ұлғайту туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Жоғарғы Рада сайтында.
Бұл туралы
РИА новости жазды.
10 маусымда Жоғарғы Раданың депутаты Нина Южанина Украина парламенті елдің 2026 жылға арналған әскери бюджетінің шығыстарын ұлғайтуды мақұлдағанын хабарлады. Мамыр айының соңында Украинаның Қаржы министрлігі Рада әскери бюджет шығыстарын 35,2 млрд долларға ұлғайтуды бірінші оқылымда мақұлдағанын хабарлады.
Парламент сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, биылғы мемлекеттік бюджет туралы заңға Украина қарулы күштерін қаржыландыруға қатысты өзгертулер енгізу туралы құжат Зеленскийдің қолтаңбасымен қайтарылды.
Украинаның 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджетіндегі жоспарланған тапшылық 45 миллиард шамасында (шамамен 1,9 триллион гривен) бекітілді. Бұл қаржы негізінен қорғанысқа жұмсалады. Тапшылықты жабу үшін ел толығымен халықаралық серіктестердің қаржылық көмегіне, соның ішінде Батыстың көмегіне үміт артады.