Тоқаев Қатар әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

© Photo : Президенттің баспасөз қызметіТоқаев Қатар әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Тоқаев Қатар әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиғаға байланысты Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты
АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.
Оқиға салдарынан көптеген адам жарақат алған. Із-түзсіз жоғалып кеткендер де бар.

"Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз, - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Катардағы Рас-Лаффан индустриялық аймағындағы QatarEnergy мемлекеттік компаниясының жобасы Барзан газ нысанында күшті жарылыс пен өрт болды. Оқиға өндірісті іске қосу кезінде орын алған. 13 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланды. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2026
Тоқаев Қытай басшысына көңіл айтты
Жаңалықтар
0