https://sputnik.kz/20260622/toqaev-belgiyada-turatyn-otandastarmen-kezdesti-64345293.html
Тоқаев Бельгияда тұратын отандастармен кездесті
Тоқаев Бельгияда тұратын отандастармен кездесті
Sputnik Қазақстан
Отандастар оқу мен жұмыстағы жетістіктері жөнінде әңгімелеп, келешек жоспарларымен бөлісті 22.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-22T21:35+0500
2026-06-22T21:35+0500
2026-06-22T21:36+0500
қасым-жомарт тоқаев
кездесу
студенттер
жастар
шетелдегі қазақтар
https://sputnik.kz/img/07ea/06/16/64344673_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a95b838cbcf5244ab13b16d5361de410.jpg
АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. ️Брюссельге ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті.️Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында отандастарымызды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.️Сонымен қатар президент шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген отандастарымызға қолдау білдірді. Ол елге білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет екендігін айтты."Қай жерге барсам да жастарға қолдау білдіріп жүремін. Шын мәнінде, бұл жай айтыла салған сөз емес. Жастарға қолдау көрсету – мемлекеттің ұзақмерзімді саясатының бір бөлігі. Жастарымыз әлемнің әр түкпірінде білім алып, еңбек етуде. Мен президент ретінде мұны қолдаймын. Себебі қай жерде жүрсеңіз де, қазақ болып қаласыз. Біз озық, дамыған, әділетті ел болуымыз керек", – деді президент.️Тоқаев еліміздің жаңа Негізгі заңында білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтты. Сонымен қатар жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды. Отандастар оқу мен жұмыстағы жетістіктері жөнінде әңгімелеп, келешек жоспарларымен бөлісті.
https://sputnik.kz/20260622/toqaev-bryusselge-resmi-saparmen-bardy-64342138.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/16/64344673_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_3fbd161ba5b3c34e9b0dc967a326dbbc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, кездесу, студенттер, жастар, шетелдегі қазақтар
қасым-жомарт тоқаев, кездесу, студенттер, жастар, шетелдегі қазақтар
Тоқаев Бельгияда тұратын отандастармен кездесті
21:35 22.06.2026 (жаңартылды: 21:36 22.06.2026) Отандастар оқу мен жұмыстағы жетістіктері жөнінде әңгімелеп, келешек жоспарларымен бөлісті
АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. ️Брюссельге ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті.
️Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында отандастарымызды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.
"Жалпыхалықтық референдумда халқымыз бірауыздан, біртұтас қоғам болып Конституциямызды қолдады. Өте керемет құжат, 1 шілдеде күшіне енеді. Ата заңымыз халқымыздың темірқазығы болады. Сондықтан баршаңызды шын жүректен жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын", – деді президент.
️Сонымен қатар президент шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген отандастарымызға қолдау білдірді. Ол елге білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар қажет екендігін айтты.
"Қай жерге барсам да жастарға қолдау білдіріп жүремін. Шын мәнінде, бұл жай айтыла салған сөз емес. Жастарға қолдау көрсету – мемлекеттің ұзақмерзімді саясатының бір бөлігі. Жастарымыз әлемнің әр түкпірінде білім алып, еңбек етуде. Мен президент ретінде мұны қолдаймын. Себебі қай жерде жүрсеңіз де, қазақ болып қаласыз. Біз озық, дамыған, әділетті ел болуымыз керек", – деді президент.
️Тоқаев еліміздің жаңа Негізгі заңында білім мен ғылымды және инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде белгіленгенін айтты. Сонымен қатар жастарды бірнеше шет тілін меңгеруге шақырды.
Отандастар оқу мен жұмыстағы жетістіктері жөнінде әңгімелеп, келешек жоспарларымен бөлісті.