Еуропамен визалық режимді жеңілдету бойынша айтарлықтай прогресс бар - Тоқаев

© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Жазылу
Қазақстан мен Еуропа арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселесі жан-жақты талқыланып жатыр
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропамен визалық режимді жеңілдету бойынша айтарлықтай прогресс бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін қазақстандықтар үшін Еуропалық одаққа кіру тәртібін жеңілдету бойынша бірқатар шаралар атқарылған болатын.

"Нағыз стратегиялық әріптестік алдымен азаматтарға пайдасын тигізуі керек. Біз визалық жүйе саласында айтарлықтай прогреске қол жеткіздік. Соның арқасында саяхаттау барынша жеңілдейді, студенттер, зерттеушілер, кәсіпкерлер мен екі жақтары отбасыларға нақты пайда әкеледі", - деп жазды Тоқаев Euronews мақаласында.

Айта кетері, келіссөздердің екі раунды өткен болатын. Қазақстан мен Еуропа арасындағы визалық режимді жеңілдету мәселесі жан-жақты талқыланып жатыр. Соның нәтижесінде тиісті келісімнің жобасы дайындалады.
Транспортировка нефти  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Қазақстан Еуроодаққа импортталатын мұнайдың 13 процентін жеткізіп отыр - Тоқаев
Жаңалықтар
0