Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды
Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Жазылу
Театр ұлттық құндылықтар мен қазақтың мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған "Ортеке" қойылымын ұсынды
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Қазан қаласында өткен "Shombay-fest 2026" VI халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Гран-при жеңіп алды.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Мәдени шараға Қазақстан, Африка елдері, Серб Республикасы және Ресейдің әртүрлі аймақтарынан барған театр труппалары қатысты.
© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды
Алматинский театр кукол получил Гран-при международного конкурса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды
"Театр ұлттық құндылықтар мен қазақтың мәдени мұрасын насихаттауға арналған "Ортеке" қойылымы үшін фестивальдің бас жүлдесін алды. Байқауға 14 театр мен 150-ден астам қуыршақ театрының әртісі қатысты", - делінген хабарламада.
Қазылар алқасының төрағасы Дэвид Бурманның айтуынша, Гран-приді алматылық труппаға беру туралы шешім бірауыздан қабылданған.
© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды
Алматинский театр кукол получил Гран-при международного конкурса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды
Сондай-ақ театр 2027 жылы Санкт-Петербургте өтетін халықаралық KUKART фестиваліне шақыру алды.
Махаббат грамматткасы спектаклі - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.10.2025
Новосібірдегі ең көне театр Астанаға гастрольдік сапармен келеді
Жаңалықтар
0