28 маусымнан бастап автоқоңырау мен қосымша ақылы қызметтерді қосуға тыйым салынады

© Sputnik / Владислав Воднев28 маусымнан бастап автоқоңырау мен қосымша ақылы қызметтерді қосуға тыйым салынады
28 маусымнан бастап автоқоңырау мен қосымша ақылы қызметтерді қосуға тыйым салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2026
Жазылу
Енді интернет қызметтері тек абоненттің екі мәрте келісімімен ғана қосылады
АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Елімізде байланыс операторларына қатысты жаңа ережелер 28 маусымнан бастап күшіне енеді.
28 маусымнан бастап автоқоңырау мен қосымша ақылы қызметтерді қосуға тыйым салынады.

"Жаңа ережеге сай, енді байланыс операторлары абоненттің екі мәрте растауынсыз қосымша ақылы қызметтерді қоса алмайды. Оны жеке кабинет, SMS, қоңырау немесе USSD-сұраныс арқылы растауға болады", - дейді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Тағы бір өзгеріс "автоқоңырауларға" қатысты. Бұрын бұл қызметтен бас тарту техникалық шектеулерге байланысты қиын болса, енді операторларға мұндай хабарлау түрін қолдануға толық тыйым салынады.
Сондай-ақ байланыс операторларының жарнамалық және ақпараттық хабарламаларынан бас тартуға болады.
Бұдан бөлек, енді балаға SIM-картаны тек оның заңды өкілдері биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана рәсімдеуге болады. Кәмелетке толмаған балаға тек бір ғана нөмір тіркеуге рұқсат етіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталығындағы менеджер - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2026
Қазақстандықтар нөлдік баланспен бірнеше мессенджер мен қосымшаны пайдалана алады
Жаңалықтар
0