https://sputnik.kz/20260621/zhetisu-manynda-tabylgan-eski-qalashyqqa-germaniyalyq-mamandar-qyzygushylyq-tanytqan-64292574.html
Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан
Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан
Sputnik Қазақстан
Жалпы көлемі 300 шаршы метр, қазіргі таңда ол жерден малдың сүйектері, қыш ыдыстар табылды 21.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-21T13:32+0500
2026-06-21T13:32+0500
2026-06-21T13:32+0500
жетісу облысы
археология
қазба жұмыстары
https://sputnik.kz/img/07ea/06/15/64291835_0:474:591:806_1920x0_80_0_0_783daae824a6ae8eb4660a0cf0b6b4e3.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Жетісу облысы Ақсу ауданы Қапал ауылы маңында осыдан төрт жыл бұрын орта ғасырлық қалашық табылған болатын. Қазіргі уақытта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр.Зерттеу жұмыстарының қазіргі барысы қандай, бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Жетісу облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы" мекемесінің директоры Ғалымжан Оспанов айтып берді.Тарихи қалашық Қапал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде, Жетісу Алатауының батыс сілемі – Қаратау тауларынан бастау алатын бірнеше шағын өзендердің түйісетін нүктесінің жоғарғы жағында орналасқан.Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің студенттері мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студеттері қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр."Бұл Х-ХІІ ғасырда болған қалашық екен. Жалпы көлемі 300 шаршы метр, қазіргі таңда ол жерден малдың сүйектері, қыш ыдыстар табылды. Оларды археологтар зертханаларда зерттеп жатыр", - дейді Ғалымжан Оспанов.Бұл жерге германиялық мамандар да қызығушылық танытқан. Археоботаник маман ортағасырлық қала тұрғындарының қандай дәнді-дақылдарды тұтынғандығын анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.Жалпы бұл іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздің тарихи және мәдени мұраларын сақтау, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ жастардың табиғат пен тарихи орындарға деген жауапкершілігін арттыру.Айта кетейік, археологиялық қазба жұмыстары 2023 жылдан бастап жүргізіліп келеді.
https://sputnik.kz/20260511/mangystauda-ezhelgi-orkeniet-izi-qalgan-kone-qala-zerttelip-zhatyr-63330936.html
жетісу облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/15/64291835_0:419:591:862_1920x0_80_0_0_ce1081443b4df50f48d5e9964e63c1c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу облысы, археология, қазба жұмыстары
жетісу облысы, археология, қазба жұмыстары
Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан
Жалпы көлемі 300 шаршы метр, қазіргі таңда ол жерден малдың сүйектері, қыш ыдыстар табылды
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Жетісу облысы Ақсу ауданы Қапал ауылы маңында осыдан төрт жыл бұрын орта ғасырлық қалашық табылған болатын. Қазіргі уақытта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зерттеу жұмыстарының қазіргі барысы қандай, бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне "Жетісу облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы" мекемесінің директоры Ғалымжан Оспанов айтып берді.
Тарихи қалашық Қапал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде, Жетісу Алатауының батыс сілемі – Қаратау тауларынан бастау алатын бірнеше шағын өзендердің түйісетін нүктесінің жоғарғы жағында орналасқан.
"Бұл қалашықты Текелі қаласында тұратын кәсіпкер Роман Мартыненко деген жігіт тапқан. Ол Әл-Фараби атындағы иснтитуттың мамандарына хабарласып, олар келіп көз жеткізгеннен кейін, "бұл – қалашық" деген екен. Әу баста қаржыландыру болмағандықтан Роман Мартыненко екі жыл өз қаражатын жұмсап, археологтарға ақша төлеген. Биылғы жылы зерттеу жұмыстары жалғастыруда", - дейді Ғалымжан Оспанов.
Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінің студенттері мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студеттері қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Бұл Х-ХІІ ғасырда болған қалашық екен. Жалпы көлемі 300 шаршы метр, қазіргі таңда ол жерден малдың сүйектері, қыш ыдыстар табылды. Оларды археологтар зертханаларда зерттеп жатыр", - дейді Ғалымжан Оспанов.
Бұл жерге германиялық мамандар да қызығушылық танытқан. Археоботаник маман ортағасырлық қала тұрғындарының қандай дәнді-дақылдарды тұтынғандығын анықтау мақсатында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жалпы бұл іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздің тарихи және мәдени мұраларын сақтау, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ жастардың табиғат пен тарихи орындарға деген жауапкершілігін арттыру.
Айта кетейік, археологиялық қазба жұмыстары 2023 жылдан бастап жүргізіліп келеді.