https://sputnik.kz/20260621/turkistan-oblysynda-tabigatqa-shyqqandar-noser-zhanbyrdan-keri-qayta-almay-qaldy-64290917.html
Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды
Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды
Sputnik Қазақстан
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ 21.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-21T12:25+0500
2026-06-21T12:25+0500
2026-06-21T12:25+0500
түркістан облысы
құтқарушылар
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/637/00/6370039_0:375:800:825_1920x0_80_0_0_0abf1cbd2086bd62e31f2b1cd538f57f.jpg
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Құтқарушылар жолда қалып қойған 22 адамды эвакуациялады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Түркістан облысының Төле би ауданында демалысқа табиғат аясына шыққан отбасылар кері қайтар жолда қатты нөсер жаңбырға тап болған.Соның салдарынан Қайнар ауылынан 20 шақырым жерде Жылық ата сарқырамасының маңындағы топырақ жол лайсаңға айналып, бірнеше жеңіл автокөлік қозғалысын жалғастыра алмады.Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Құтқару операциясының нәтижесінде 22 адам, оның ішінде 7 бала Қайнар ауылына жеткізілді.Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.ТЖМ азаматтарды табиғатқа шығар алдында ауа райын ескеруге, жол бағытын мұқият жоспарлауға және жолдардың жағдайын алдын ала нақтылауға шақырады.
https://sputnik.kz/20260423/noser-zhanbyr-men-ekpindi-zhel-ush-kundik-aua-rayy-bolzhamy-zhariyalandy-62905159.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/637/00/6370039_0:300:800:900_1920x0_80_0_0_42ffbbe8d42fc68d6676427a12e0a64b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, құтқарушылар, төтенше жағдай
түркістан облысы, құтқарушылар, төтенше жағдай
Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ
АСТАНА, 21 маусым – Sputnik. Құтқарушылар жолда қалып қойған 22 адамды эвакуациялады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Түркістан облысының Төле би ауданында демалысқа табиғат аясына шыққан отбасылар кері қайтар жолда қатты нөсер жаңбырға тап болған.
Соның салдарынан Қайнар ауылынан 20 шақырым жерде Жылық ата сарқырамасының маңындағы топырақ жол лайсаңға айналып, бірнеше жеңіл автокөлік қозғалысын жалғастыра алмады.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы техниканың көмегімен азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Құтқару операциясының нәтижесінде 22 адам, оның ішінде 7 бала Қайнар ауылына жеткізілді.
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ азаматтарды табиғатқа шығар алдында ауа райын ескеруге, жол бағытын мұқият жоспарлауға және жолдардың жағдайын алдын ала нақтылауға шақырады.