Тарихи алтын: Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

© PhotoТарихи алтын: Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында жеңімпаз атанды
Тарихи алтын: Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында жеңімпаз атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2026
Жазылу
28 жастағы спортшы ұлттық құрама тарихында шпагамен жекелей сын бойынша құрлықтық додада топ жарған тұңғыш өкіл
АСТАНА, 21 маусым - Sputnik. Ирина Бакалдина семсерлесуден Азия чемпионатында тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Құрлықтық біріншіліктің ақтық сынында спортшы Гонконг өкілі Кейлин Сэні 15:12 есебімен тізе бүктірді.
28 жастағы спортшы ұлттық құрама тарихында шпагамен жекелей сын бойынша құрлықтық додада топ жарған тұңғыш өкіл.
Айта кетері, бұған дейін қазақстандық сапы шеберлері Азия чемпионатында бір де бір жекелей сында жүлде алмаған.
Қазақстандықтар бокстан Әлем кубогында бес алтын жеңіп алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2026
Қазақстандықтар бокстан Әлем кубогында бес алтын жеңіп алды
Жаңалықтар
0